І. Бағыт бойынша-мемлекеттік архивтардың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1.1.Дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі
Дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі - сыбайлас жемқорлық тәуекелі, оның келесі көріністері бар: мазмұнынан осы өкілеттіктің шектерін анықтау мүмкін емес, шешім қабылдау мерзімдерінің, шарттарының немесе негіздерінің болмауы немесе белгісіздігі, мемлекеттік органдардың қайталанатын өкілеттіктерінің болуы.