
1995 жылы 22 ақпанда дүниеге келген, қазақ, біліміжоғары, 2016 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін (бұрынғы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті) «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша бітірген.
2018 жылдан бастап техника және технология магистрі.
Еңбек жолын 2016 жылы техникалық-экономикалық колледжінің техникалық пәндер оқытушысы болып бастады.
2018 жылдан бастап ШҚО әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ талдау бөлімінің сарапшысы болып жұмыс істеді;
2019 жылдан 2020 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар бөлімінің облыс әкімі сайтының маман-әкімшісі;
2020 жылдың желтоқсан айынан бастап ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасы цифрландыруды дамыту бөлімінің бас маманы;
2021 жылдың қазан айынан бастап ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының ақпараттандыру бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.