GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Басқарма туралы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
Жолаушы көлігі
22 октября 2026
Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу туралы хабарландыру

«ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ

 

2026 жылғы 29 қазанда шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Конкурсқа 2014 жылғы 30 қазандағы №113 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 21-тармағымен анықталған біліктілік талаптарына жауап беретін әлеуетті қатысушылар жіберіледі.

Тасымалдаушылар Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген құжаттар тізімін тендерді ұйымдастырушының мекенжайына бекітілген конвертте тапсырады.

Тендерді ұйымдастырушының мекенжайы:

Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 5 қабат, № 510 кабинет.

Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2026 жылғы 28 қазан сағат 12:00-ға дейін

Тендерлік өтінімдермен пакеттерді ашу 2026 жылғы 29 қазан сағат 15:00-де Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, №501 кабинет мекенжайы бойынша өткізіледі.

Тендерлік құжаттамалар пакеті «ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ (http://www.transportvko.gov.kz) сайтында орналастырылған.

Кепілдік қаржылық өтінімді аудару үшін тендерді ұйымдастырушының реквизиттері:

«Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ

070004, РК, ШҚО, Өскемен қ,

Қазақстан к., 59/1

БИН 050340003330

ИИК KZ48070102KSN1801000

Қосымша ақпараттар: Негізгі шарттар

Анықтама үшін телефондар: 8 (7232) 701-695, 701-698

Жолаушы көлігі
02 октября 2026
Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу туралы хабарландыру

«ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ

 

2026 жылғы 19 қазанда шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Конкурсқа 2014 жылғы 30 қазандағы №113 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 21-тармағымен анықталған біліктілік талаптарына жауап беретін әлеуетті қатысушылар жіберіледі.

Тасымалдаушылар Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген құжаттар тізімін тендерді ұйымдастырушының мекенжайына бекітілген конвертте тапсырады.

Тендерді ұйымдастырушының мекенжайы:

Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 5 қабат, № 510 кабинет.

Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2026 жылғы 19 қазан сағат 12:00-ға дейін

Тендерлік өтінімдермен пакеттерді ашу 2026 жылғы 19 қазан сағат 15:00-де Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, №501 кабинет мекенжайы бойынша өткізіледі.

Конкурстық құжаттаманың тізбесі ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ресми сайтындағы «Құжаттар» бөлімінде 2026 жылғы 2 қазанда орналастырылған: конкурстық құжаттамаға өту.

Кепілдік қаржылық өтінімді аудару үшін тендерді ұйымдастырушының реквизиттері:

«Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ

070004, РК, ШҚО, Өскемен қ,

Қазақстан к., 59/1

БИН 050340003330

ИИК KZ48070102KSN1801000

Қосымша ақпараттар: -

Анықтама үшін телефондар: 8 (7232) 701-695, 701-698

 

 

28 мая 2026
ШҚО-да «Ұлан» көлік-логистикалық кешені жобасы іске асырыла басталды

«Ұлан» көлік-логистикалық кешені жобасын «Dosjan temir joly» АҚ жүзеге асырады.

Бұл өңірдегі ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі. Жаңа нысан аймақ экономикасын дамытудың маңызды бөлігіне айналып, Шығыс Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін күшейтіп, ірі индустриялық жобалар үшін заманауи логистикалық база қалыптастырады.

«Ұлан» көлік-логистикалық кешені Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінің маңында, республикалық Алматы-Өскемен тасжолы мен теміржол желісінің түйіскен тұсында бой көтереді. Оның мұндай тиімді жерде орналасуы жүк қабылдау, сақтау және жөнелту процестерін оңтайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Аумағы 18 гектардан асатын кешен құрамына контейнерлік терминал, «A» және «A+» санатындағы заманауи қоймалар, теміржол мен кеден инфрақұрылымы, жүктерді сақтау алаңдары кіреді. Жобаның жылдық қуаттылығы шамамен 895 мың тонна жүкті құрайды. Ал контейнерлік терминал жыл сайын 32 мыңнан астам контейнерді өңдей алады.

Жоба агроөнеркәсіп саласын дамыту үшін де айрықша маңызға ие. Кешен аумағында 25 мың тонна астық пен 10 мың тонна майлы дақылдарды сақтауға арналған қуат көздері қарастырылған. Бұл ең әуелі Шығыс Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтіп, Орталық Азия елдері және Қытаймен сауда байланыстарын нығайтуға жол ашады.

Сонымен қатар «Ұлан» көлік-логистикалық кешені Өскемен маңында салынатын болашақ жылу электр орталығының негізгі логистикалық алаңына айналмақ. Мұнда құрылысқа қажетті жабдықтар мен материалдар қабылданып, өңделіп, сақталады.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов кешеннің іске асырылуы өңір экономикасын дамытудағы маңызды қадам болатынын атап өтті.

«Бүгін біз Шығыс Қазақстандағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірінің негізін қалап отырмыз. «Ұлан» көлік-логистикалық кешені - жай ғана логистикалық нысан емес, өңір экономикасының ұзақ жылдар бойы дамуына қызмет ететін стратегиялық алаң. Жоба жаңа жұмыс орындарын ашуға, жеке инвестициялар тартуға, облыстың экспорттық әлеуетін арттыруға және өнеркәсіп, аграрлық сектор мен көлік инфрақұрылымының дамуына тың серпін береді», - деді аймақ басшысы.

Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Алғашқы кезеңде теміржол инфрақұрылымы, контейнерлік терминал және кеден аймағы салынады. Құрылыс-монтаждау жұмыстары биыл басталып, бірінші кезеңді келесі жылдың үшінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

15 сентября 2025
«Altai Invest-2025» Халықаралық инвестициялық форум

Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Үстел теннисі орталығы, Сәтпаев даңғылы, 82/8

Өтетін күні: 2025 жылғы 26 қыркүйек

«Altai Invest–2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында қатысушыларға инвестициялық бастамаларды іске асыру тетіктерін, сондай-ақ Шығыс Қазақстан аумағында бірлескен бизнес-идеяларды құру перспективаларын талқылау мүмкіндігі ұсынылады.

Форум бағдарламасында өзекті мәселелер бойынша B2B кездесулер, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және туризм салаларындағы инвестициялық жобалардың көрмесі, пленарлық отырыс, панельдік сессиялар, сондай-ақ меморандумдар мен келісімдерді қол қою рәсімдері өтеді.

Форумның мақсаты:

Форумды өткізу мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық және экспорттық әлеуетін жан-жақты таныстыру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктерін талқылау, экономиканың негізгі салаларында жаңа өсу нүктелерін қалыптастыру, сондай-ақ аймақты халықаралық аренада сенімді және тартымды серіктес ретінде ілгерілету.

Форумның міндеттері:

Ортақ бастамаларды жүзеге асыру және институционалдық диалогты дамыту арқылы өзара тиімді экономикалық қатынастарды орнату мен достық серіктестік байланыстарды нығайту үшін қолайлы жағдай жасау.

Халықаралық, өңіраралық және шекаралас инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, тікелей инвестициялардың өсуін ынталандыру және өзара туризм алмасуын дамыту.

Сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және транзиттік тасымалдардың көлемін арттыру мен өңіраралық көлік дәліздеріне интеграцияны қоса алғанда, көлік-логистикалық серіктестікті дамытуға қолайлы ортаны қалыптастыру.

Форумға Қытай Халық Республикасы, Түрік Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Әзербайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері, Ресей Федерациясының Бас консулы, Ресей Федерациясы Федералдық Одақ Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілдері, Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының өңірлері, Моңғолияның Хов аймағы өкілдері, шетелдік және қазақстандық компаниялар, сондай-ақ АҚШ, Германия Федеративтік  және Қытай Халық Республикасынан блогерлер, қаржылай институттар, квазимемлекеттік ұйымдар және т.б. қатысады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет
25 июля 2025
Қоғамдық талқылау жүргізілді.

«Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автмобиль жолдары басқармасы» ММ 2025 жылғы 25 шілдеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау өткізілгенін хабарлайды.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет
15 июля 2025
Жария талқылауды өткізу туралы.

«Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автмобиль жолдары басқармасы» ММ 2025 жылғы 25 шілде сағат 09.00-де Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 59/1, 5 қабат, 509 кабинет мекенжайы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылау өтетінін хабарлаймыз.

01 июля 2025
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымына Данияр Асқарұлы Уахитов тағайындалды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет
20 июня 2025
Сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы.

«Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне ішкі талдауға 2025 жылғы 3 шілдеден бастам жүргізуге кірістетінін хабарлайды.

10 июня 2025
Халықаралық музыкалық фестиваль «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі».

2025 жылдың 14 маусым күні, ШҚО, Катонқарағай ауданы, Ипподромда
«АЛТАЙ - ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ ӨТЕДІ.
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі қолдауымен Катонқарағайда «Алтай – Түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық музыка фестивалі ұйымдастырылады. Бұл ауқымды шарада Қазақстан мен халықаралық өнер жұлдыздары бір сахнада бас қосады. Әйгілі «Музарт» тобы, Қобыланды Болат, Құралай Мейрамбек, «Абырой» тобы, «Тұран» тобы, Әмре тағы да басқа отандық жұлдыздар және шет елдерден арнайы келген әртістер өнер көрсетеді. Фестиваль жүргізушілері – Әділ Ахметов және Әмина Жұмамұрат.
Ашылу салтанатының басты нышаны – Берел қорғанынан табылған қасиетті бейне – Штандарт болмақ. Бұл символ түркі әлемінің рухани мұрасын, тарихы мен мәдениетін, халықтар арасындағы бірлік пен бауырластықты айқындайды. Бағдарламада Түркі әлемінің бай мәдениеті мен тарихын көрсету мақсатында сахналық көріністер қойылады. Түрік, қазақ, қырғыз, әзербайжан, өзбек, татар, ноғай, башқұрт, саха және басқа да түркі халықтарының мәдениеті мен бірлігі, тілдік және рухани байланысы осы фестивальде бір арнаға тоғысады.
Бұл тағылымды кеште Түркі әлемінің өнер жанашырлары өз мәдениеттерін, көненің үнін қайта жаңғыртып, бірегей туындыларын ұсынады. Алтай – түркі халықтарының ортақ алтын бесігі, мұнда әрбір мәдениет өз тамырын, тарихын тауып, мәңгілік бірлігін паш етеді.

13 марта 2025
Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тұрақты республикаішілік бағыттарда тасымалдауға қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тұрақты республикаішілік бағыттарда тасымалдауға қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарландыру 

Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2025 жылы 11 сәуір сағат 16-00 де жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тұрақты республикаішілік бағыттарда тасымалдауға қызмет көрсету құқығына конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Конкурсқа бағыттардың келесідей пакеттері қойылады:

№ 1 пакет

«Өскемен-Самар»

№ 10 пакет

«Шемонаиха-Семей»

№ 2 пакет

«Өскемен-Малоубинка»

№ 11 пакет

«Өскемен-Белое»

№ 3 пакет

«Өскемен-Тройницкое»

№ 12 пакет

«Өскемен-Қаракөл»

№ 4 пакет

«Өскемен-Жаңа Канайка»

№ 13 пакет

«Өскемен-Жаңа Үлбі»

№ 5 пакет

«Өскемен-Асу-Бұлақ»

№ 14 пакет

«Өскемен-Бозанбай-Сібе көлдері»

№ 6 пакет

«Өскемен-Жаңа-Азовое»

№ 15 пакет

«Өскемен-Марқақөл»

№ 7 пакет

«Риддер-Семей»

№ 16 пакет

«Марқақөл-Зайсан»

№ 8 пакет

«Өскемен-Алтай»

№ 17 пакет

«Самар-Алматы»

№ 9 пакет

«Өскемен-Ақсуат»

---

---

Конкурсқа меншік түріне қарамай, жекеменшік немесе өзге заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген заңды және жеке тұлғалар қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына конкурстық құжаттардың толық жинағын алу үшін жазбаша өтінімді мына мекен жай бойынша тапсырады: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 511 кеңсе.

Конкурстық құжаттарды алу және конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні: 2025 жылғы 28 наурыз сағат 18:00-ге дейін.

Конкурстық комиссия 2025 жылғы 17 наурыз сағат 15:00-де конкурсты өткізу мәселелері бойынша конкурсалды конференция өткізеді.

Туындаған сұрақтар бойынша 701-698 телефонына, transportvko@mail.ru мекенжайына хабарласуға болады.

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы