«Облыстың көлік қатынасы туралы» мәселесі бойынша баспасөз конференциясы

«Облыстың көлік қатынасы туралы» мәселесі бойынша баспасөз конференциясы

     Ағымдағы жылдың 12 ақпанында Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Облыстың көлік қатынасы туралы» мәселесі бойынша баспасөз конференциясы өтті.

     Баспасөз конференциясы барысында өңірдегі жолаушылар көлігінің жұмысы туралы жағдай баяндалды, өткен жылдың нәтижелері мен ағымдағы жылдың жоспарлары туралы хабардар етілді.

     Облыстың көлік қатынасын дамыту үшін басты міндеттердін бірі, ол елді мекендерді жолаушылар маршруттарымен қамту үлесін ұлғайту, халықты қолжетімді тариф деңгейімен қамтамасыз ету, тасымалдау жағдайларын жақсарту, ішкі және халықаралық бағыттар бойынша өңірдің көлік қатынасын ұлғайту болып табылады.