
«Өскемен-Алтай-Үлкен-Нарын-Катон-Қарағай-Рахман қайнарлары» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Осиновск» асуы деп аталатын учаскені қайта құру 2017 жылы басталды. Жобаның мақсаты - қауіпті таулы аймақтарды айналып өту. Учаске 2 жобаға бөлінді - 56-72, 72-88 км, қолданыстағы 32 км орнына жалпы ұзындығы 27,7 км, яғни автомобиль жолы 4,3 км қысқартылады.
12,1 шақырымдық бірінші учаскеде құрылысшылар 2017-2019 жылдар аралығында 7,7 шақырымдық жолды қайта құрды, үлкен көлемде жер жұмыстары жүргізілді, ыстық ірітүйіршікті асфальтбетонның төменгі қабатына жетті. Участкеде су өткізгіш құбырларды орналастыру жұмыстары, ықтимал көшкін қауіпті участкелерде қардан қорғайтын қалқандар орнату жұмыстары аяқталды, беткей арналар, бұрғылау-жару жұмыстары үлкен көлемде жүргізілді. Сонымен қатар ЩМА-дан асфальттың соңғы қабатын төсеу қажет.
15,6 км екінші учаскесінде 9,9 км дайын, жоба барысында бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілді, негізгі жолдың жер төсемінің құрылысы, су өткізгіш құбырлардың құрылысы 89% аяқталды, сондай-ақ жоғарғы қабатының жабыны шақпатасты-мастикалық асфальтбетоннан (63%) 9,9 км жол жабынының құрылысы аяқталды.
Қайта құру учаскелерінде МемОрманҚоры жерлерінің болуына байланысты жоба тоқтатылды, нысанның мердігерімен келісімшарт МемОрманҚоры жерлерінің ұзақ уақытқа көлік құрылысының жеріне ауыстыруына байланысты, жұмыстардың мүмкін болмауы салдарынан тоқтатылды.
2020 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша МемОрманҚоры жерлерін көлік құрылысының жеріне ауыстыру туралы мәселе шешілді, кейіннен Әділет органдарында тіркеуден өтетін, жерді тұрақты пайдалану құқығына мемлекеттік актіні дайындауға өтініш берілді.
Мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдері жүргізілуде, егер жеңімпаз анықталса, жұмыс қайта жалғасады. Бұл ауқымды жобаға құрылыс компаниялары, жол-құрылыс материалдарын жеткізушілер қатыса алады.
Мемлекеттік сатып алу сайтына сілтеме: