Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2018 жылғы «19» наурыздағы
№ 68 қаулысымен бекітілді
«Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
2. «Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автомобиль көлігі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
2) жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, реттеу және басқару;
1) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық, ауданаралық қалааралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзу;
2) бағыттарда жолаушылар мен багаж тасымалдауда қызмет көрсететін тасымалдаушылардың әрекетін реттеу;
5) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту;
6) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық автомобильмен тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн келiсу;
7) автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тiзiлiмiн жүргiзу;
8) автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметін бақылау және реттеу;
9) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу;
10) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi сызбасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлеу;
11) жолаушыларды ауданаралық (облысiшiлiк қаларалық) қатынастарда әлеуметтiк мәнi бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауды жүзеге асыру;
12) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асыру;
13) жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру;
14) маршруттарда кызмет көрсетуде шарттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
15) механикалық көлікті және оның тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кестесін келісу;
16) әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынастары (маршруттар) бойынша теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау;
17) ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) және қала маңындағы теміржол қатынастарын айқындау;
18) облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi бойынша тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн кiрiс деңгейiн қамтамасыз етпейтін әуебағыттарды субсидиялауды жүзеге асыру;
19) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстардың басталуы және тоқтатылуы туралы тізілімін жүргізу;
20) шағын көлемдi өздігінен жүзетін кемелердi басқару құқығына куәлiктер беру;
21) автомобиль жолы саласында және жол қызметінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
22) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыру;
23) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін басқару;
24) облыстың коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;
25) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыс өндірісі кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
26) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың телімдерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру жөнінде ұсыныстар бойынша шешім қабылдау;
27) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын әзірлеу және облыс әкімдігіне бекітуге енгізу;
28) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізілімін әзірлеу және облыс әкімдігіне бекітуге енгізу;
29) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары индекстерінің атауларын әзірлеу және облыс әкімдігіне бекітуге енгізу;
30) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
1) өзге мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, жеке және заңды тұлғалардан заңнамада көзделген тәртіппен «Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
4) «Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзінің функцияларын қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.
3. «Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
1) заңнамаға сәйкес бос мемлекеттік қызмет лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізуді үйлестіреді, «Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
2) мемлекеттік басқару органы «Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын тағайындайды және аттестаттауды жүргізеді;
«Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
13) «Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.
4. «Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
«Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ қаржыландыру жоспарымен бөлінген қаражатқа сатып алынған мүліктен қалыптасады.
5. «Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
«Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.