Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) сәйкес ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) құзыретіне 4 мемлекеттік қызмет жатады.
2022 жылдың қорытындысы бойынша басқармамен 526 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- қағаз нысанда Мемлекеттік корпорация арқылы – 427 қызмет.
- электрондық түрде Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы – 99 қызмет:
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартудың жалпы саны 37 құрады, оның ішінде электрондық түрде –7. Бас тартудың негізгі себептері көрсетілетін қызметті алушылар ұсынған материалдардың толық болмауы, мемқызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер, қағидалар мен стандарттардың талаптарын сақтамау болып табылады.
Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 3, ақылы түрде -1.
Басқарма холлында мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша қолжетімді ақпараты бар стенд бар. Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді алу үшін жағдай жасалған, пандус орнатылған, шақыру түймесі жұмыс істейді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін интернет желісіне шығатын 1 компьютер орналасқан.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында бірнеше рет басқарма қызметкерлері арасында Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме әңгіме жүргізіліп тұрады.
Ағымдағы жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға, оларды оңтайландыру мен автоматтандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінгі күні басқарма көрсететін барлық қызметтер толығымен автоматтандырылған.
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері қазіргі уақытта мемлекеттік органдар қызметіндегі маңызды басымдықтар болып табылады. Осы міндетті іске асыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыруға бағытталған оқу семинарлары өткізіледі, оларға бөлім қызметкерлері уақтылы қатысады.