ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2022 жылға көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есебі

 

«ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» көрсететін мемлекеттік қызметтер тізімі

 

Мемлекеттік  қызметтің атауы

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттәк қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асырытын ұйымдардың атаулары

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын НҚА сілтеме

Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру

ЭҮП

http://10.61.42.188/kaz/docs/V2000020791

Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлікті беру

МК, ЭҮП

http://10.61.42.188/kaz/docs/V1500011528

Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу

ЭҮП

http://10.61.42.188/kaz/docs/V1900018803

Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау

ЭҮП

http://10.61.42.188/kaz/docs/V1500012353

 

 

ЭҮП – электрондық үкімет порталы (egov.kz сайты)

МК – Мемлекеттік корпорация (халыққа қызмет көрсету орталығы)

 

ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2022 жылға көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есебі

  1. Жалпы ережелер

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) сәйкес ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) құзыретіне 4 мемлекеттік қызмет жатады.

2021 жылдың қорытындысы бойынша басқармамен 391 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- қағаз нысанда Мемлекеттік корпорация арқылы – 386 қызмет.

- электрондық түрде Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы – 5 қызмет:

 

         Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартудың жалпы саны 25 құрады, оның ішінде электрондық түрде – 10. Бас тартудың негізгі себептері көрсетілетін қызметті алушылар ұсынған материалдардың толық болмауы, мемқызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер, қағидалар мен стандарттардың талаптарын сақтамау болып табылады.

         Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 3,                           ақылы түрде -1.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Басқарма холлында мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша қолжетімді ақпараты бар стенд бар. Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді алу үшін жағдай жасалған, пандус орнатылған, шақыру түймесі жұмыс істейді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін интернет желісіне шығатын 1 компьютер орналасқан.

         Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында бірнеше рет басқарма қызметкерлері арасында Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме әңгіме жүргізіліп тұрады.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

Ағымдағы жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым түскен жоқ.

         Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға, оларды оңтайландыру мен автоматтандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінгі күні басқарма көрсететін барлық қызметтер толығымен автоматтандырылған.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері қазіргі уақытта мемлекеттік органдар қызметіндегі маңызды басымдықтар болып табылады. Осы міндетті іске асыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыруға бағытталған оқу семинарлары өткізіледі, оларға бөлім қызметкерлері уақтылы қатысады.

 

Дата публикации
10 мая 2023