Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тұрақты республикаішілік бағыттарда тасымалдауға қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен

тұрақты республикаішілік бағыттарда тасымалдауға қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2022 жылы 23 қараша сағат 16-00 де жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тұрақты республикаішілік бағыттарда тасымалдауға қызмет көрсету құқығына конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

 

Конкурсқа бағыттардың келесідей пакеттері қойылады:

 

Пакет № 1

«Өскемен-Алтайский»

Пакет № 7

«Өскемен-Малоубинка»

Пакет № 2

«Өскемен-Предгорное, Өскемен-Предгорное Уварово арқылы»

Пакет № 8

 

«Өскемен-Жаңа Канайка»

Пакет № 3

«Өскемен-Күршім»

Пакет № 9

«Өскемен-Асу-Бұлақ»

Пакет № 4

«Өскемен-Самар»

Пакет № 10

«Өскемен-Үлкен-Нарын»

Пакет № 5

«Өскемен-Жезкент»

Пакет № 11

«Өскемен-Қасым Қайсенов»

Пакет № 6

«Өскемен-Глубокое»

Пакет № 12

«Өскемен-Жаңа-Азовое»

 

Конкурсқа меншік түріне қарамай, жекеменшік немесе өзге заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген заңды және жеке тұлғалар қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына конкурстық құжаттардың толық жинағын алу үшін жазбаша өтінімді мына мекен жай бойынша тапсырады: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 507, 511 кеңсе.

Конкурстық құжаттарды алу және конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні: 2022 жылғы 9 қараша, сағат 18:30-ге дейін.

Конкурстық комиссия 2022 жылғы 31 қазан сағат 16:00-де конкурсты өткізу мәселелері бойынша конкурсалды конференция өткізеді.

Туындаған сұрақтар бойынша 701-695, 701-698 телефонына,  transportvko@mail.ru мекенжайына хабарласуға болады.

 

Дата публикации
26 октября 2022