Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылау

2022 жылғы 08 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижелеріне талқылау жүргізілді.

Талқылауға басқарманың жұмыс тобы және Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесі жанындағы кәсіпкерлікті ілгерілету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетінің төрайымы Елена Николаевна Березинская-Абилова қатысты.

Басқарманың жұмыс тобы ішкі талдау барысында 4 сыбайлас жемқорлық тәуекелін анықтады және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша 4 ұсыным енгізілді.

Талқылау қорытындысы бойынша Елена Николаевна ұсынымдар енгізді, олар жұмыста басшылықты алу үшін қабылдынды.

Дата публикации
08 июля 2022