«Шығыс Қазақстан облысының көлік және автомобиль жолдары басқармасы» ММ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (ары қарай - «Заң») және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларына (ары қарай - «Қағида») сәйкес
«Семей қаласында фотобейнетіркеу және бейнеталдау жүйесін құру және пайдалану» (ары қарай - «МЖӘ жобасы») мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына тікелей келіссөздер тәсілдері арқылы бастамашылық жасау туралы хабардар етеді.