Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы талдамалық анықтама

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қары іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Е. Текешовпен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының облыстық басқармалары мен қалалар және аудандар әкімдіктерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне, «Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысы міндетін атқарушының 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 45 бұйрығына сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – СЖТІТ) жүргізілді. СЖТІТ келесі бағыттар бойынша өткізілді:1) Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.СЖТІТ жүргізу кезінде мыналар пайдаланылды:1) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы                                       30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - Әдістемелік ұсыныстар) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары.СЖТІТ Басқарма басшысы міндетін атқарушының 2026 жылғы                                 27 сәуірдегі № 45 бұйрығымен бекітілген жұмыс тобымен 2026 жылғы                        4 мамырдан бастап 4 маусымға дейінгі кезеңде өткізілді.СЖТІТ 2026 жылғы 1 маусымнан бастап 2026 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңді қамтиды. Басқарма Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Басқарма қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 68 қаулысымен  бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесіне (бұдан әрі – Басқарма ережесі) сәйкес жүзеге асырады.СЖТІТ үшін дереккөздер ретінде басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер, Басқарманың ішкі құжаттары пайдаланылды.Басқарманың құрылымына келесі бөлімдер кіреді:1) басшылық;2) жолаушы көлігі бөлімі;3) автомобиль жолдарын дамыту және күтіп алу ұстау бөлімі;4) өндірістік техникалық;5 )бас маман- бас бухгалтер;6) бас маман- бухгалтер;7 )бас маман – экономист;8) бас маман – заңгер;9) бас маман. СЖТІТ кезінде келесі 8 тәуекел анықталды.

 

1. ЖОЛАУШЫ КӨЛІГІ БӨЛІМІ – 4 тәуекел.Тәуекел 1.1.1. Лицензиялау функцияларын жүзеге асыру бағыты бойынша:                          «- жеке және заңды тұлғалармен жеке байланыс» көрсеткіші. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен  бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына (170, 171, 172-тармақтар) (бұдан әрі – Қағида) сәйкес Жолаушыларды және багажды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі конкурсты өткізу кезінде тасымалдаушылар-тендерге қатысушылардан барлық конкурстық құжаттаманы қабылдау Басқарманың мемлекеттік қызметшісі – конкурстық комиссияның хатшысы арқылы қағаз түрінде конверттерді қолма-қол қабылдау арқылы жүзеге асырылады.Мемлекеттік қызметшінің конкурсқа қатысушымен тікелей байланысы сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады.Ұсыныс: Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне  Жолаушылар мен багажды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі конкурсты Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес электрондық форматқа көшіру мәселесі  қозғалсын.  Тәуекел 2.1. 2. Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру бағыты бойынша:«- рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру тәртібінің болмауы немесе ішінара реттелуі» көрсеткіші.Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына (10-тармақ) сәйкес маршруттарды және тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық), облысаралық қалааралық жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың қозғалыс кестелері ұйымдастырушының кеңсесі арқылы қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады.  Ұсыныс: Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне «Е-лицензиялау» порталы мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде электрондық форматқа көшіру арқылы тасымалдаушылар мен ұйымдастырушы (Басқарма) арасындағы өзара іс-қимылды алып тастау қажеттігіне бастама көтерілсін; Тәуекел 3.

1.3 Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру бағыты бойынша:

«- рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру тәртібінің болмауы немесе ішінара реттелуі» көрсеткіші.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына                    (83-тармақ) сәйкес уәкілетті орган берген куәліктердегі жылжымалы құрам бойынша өзгерістер енгізу тәртібі ұйымдастырушының кеңсесі арқылы қағаз жеткізгіштерде жүзеге асырылады.

Ұсыныс: Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне «Е-лицензиялау» порталы мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде электрондық форматқа көшіру арқылы тасымалдаушылар мен ұйымдастырушы (Басқарма) арасындағы өзара іс-қимылды алып тастау қажеттігіне бастама көтерілсін. Тәуекел 4.1.4. Лицензиялау функцияларын жүзеге асыру бағыты бойынша: «- жеке және заңды тұлғалармен жеке байланыс» көрсеткіші.Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрдің м.а                2014 жылғы 30 қазандағы №113 бұйрығымен бекітілген Шығындары бюджет қаражаты есебiнен ұзақ мерзiмдi субсидиялауға жататын, әлеуметтiк маңызы бар бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдайтын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық конкурс негiзiнде конкурс өткiзу қағидаларына (22-тармақ) сәйкес, шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар теміржол қатынасы бойынша жолаушыларды тасымалдау құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін конкурстық құжаттаманы қабылдауды комиссияның хатшысы қағаз жеткізгіште жүзеге асырады.

Ұсыныс: Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне мемлекеттік сатып алу порталының мысалын пайдалана отырып, конкурстық құжаттаманы қабылдау үдерісін электрондық форматқа көшіру қажеттігі туралы бастама көтерілсін.

 

 

  1. АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ БӨЛІМІ – 4 тәуекел.

Тәуекел 5.

2.1 Құқықтық алшақтық - бағыты бойынша:

«- лауазымды тұлғаның және/немесе талдау объектісінің құзыретін реттейтін ережелердің болмауы» көрсеткіші.

Жолдарды орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстардың сапасын бақылау үшін техникалық қадағалау қарастырылған.

Осы салада қажетті білімі жоқ тұлғалардың техникалық қадағалауына жол бермеу үшін жол құрылысы объектілерін техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді ұсынатын ұйымдарды аккредиттеуде бұл салада сертификатталған сарапшылардың міндетті түрде жол құрылысы саласында маманданған қызметкерлер болуын қамтамасыз етуді, қажет ететін талап ретінде қарастырамыз. Бұл талап жол құрылысының сапасына оң әсер етеді.

Ұсыныс: Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне министрлігіне жол құрылысы объектілеріне техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтерді көрсететін ұйымдарды аккредиттеу үшін жол құрылысы саласында маманданған сертификатталған сарапшылардың міндетті түрде болуын қамтамасыз ету талабын заңды негізде бекіту туралы хатқа бастамашылық етілсін.

 

Тәуекел 6.

2.2. Аштық пен жариялылықты қамтамасыз ету - бағыты бойынша:

«- қоғамды қызықтыратын мәселелер бойынша шешім қабылдау рәсімдеріне қоғам мүшелерін тартпау» көрсеткіші.

Облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын салудың, жөндеудің және күтіп ұстаудың барысы мен сапасын бақылау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі туындауы мүмкін, өйткені тапсырыс берушінің қызметкерлері мердігерлермен тікелей байланыста болады. Сондай-ақ, жолдарды салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде тексеру рәсімдерін тек мүдделі тұлғалар жүргізеді, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін арттырады. Шешім қабылдауда қоғамдық бақылау жоқ. Объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде арнайы комиссиялар құрылады. Олар тек тапсырыс берушінің, бас мердігердің, авторлық және техникалық қадағалаудың өкілдерінен тұрады. Қабылдау комиссияларында азаматтық қоғам институттарының болмауы сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызу болып табылады.

Ұсыныс: Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне министрлігіне облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстаудың барысы мен сапасын бақылауға, автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде қолданылатын материалдардың сапасын тексеру барысына, сондай-ақ объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде қоғамның қатысуын заңды негізде бекіту туралы хатқа бастамашылық етілсін.

 

Тәуекел 7.

2.3. Ұйымдастырушылық-басқару қызметінен туындайтын басқа да мәселелер - бағыты бойынша:

«- тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу» көрсеткіші.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы
4 желтоқсандағы № 434-V Заңында мыналар көзделген – шарттың орындалуын қамтамасыз етудің 3 %-ы шарт орындалғаннан кейін қайтарылады. Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің 3 %-ын кепілдік мерзімі өткеннен кейін мердігерге қайтару мақсатқа сай деп санаймыз. Кепілдік мерзімі ішінде ақаулар анықталған жағдайда, мердігер өз қаражаты есебінен ақауларды жоюға міндетті. Мердігер ұйым банкрот деп танылған жағдайда, кепілдік берілген учаскелерде мердігер ұйымның анықталған ақауларды жою мүмкіндігі жоқ, бұл жолдың сапасына әсер етеді.

Ұсыныс: Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне министрлігіне келісім-шарттың орындалуын қамтамасыз етуді кепілдік мерзімі өткеннен кейін қайтару жөнінде ұсыныстар енгізу туралы хатқа бастамашылық етілсін, кейіннен аталған қаражатты ақауларды жоюға бағыттау, жолдардың сапасына оң әсер етеді.

 

8 тәуекел.

2.4. Ұйымдастырушылық-басқару қызметінен туындайтын басқа да мәселелер бағыты бойынша:

«- бюджеттік және қаржылық ресурстарды әзірлеу және бөлу» көрсеткіші.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы                № 272 бұйрығымен бекітілген 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсет  қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын бюджет қаражатын ай сайынғы игерумен жол жөндеу жұмыстарының нақты орындалмаған көлеміне ақы төлеу тәуекелі. Мәселе бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің орындалған жұмыс көлеміне қарай объект бойынша қаражатты бөлу процесін дербес жүзеге асыру мүмкіндігінсіз, бекітілген ай сайынғы қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражатты жоспарлау мен жұмсаудың бюджеттік рәсімдерінде жатыр.

Ұсыныс: Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне жұмыс сапасының басымдығын қамтамасыз ету мақсатында бюджетті келесі бюджеттік кезең жобасына ауыстыру, бюджетті әзірлеу мерзімдері мен жұмыстарды орындау мерзімдеріне сілтеме жасамай жобалық қаржыландыруды енгізу  қажеттілігі туралы хатқа бастамашылық жасалсын.

Жұмыс тобының құрамы:

Басшының жолдарды дамыту мәселелері

жөніндегі орынбасары

 

 

 

А.Д. Кумарова

 

Автомобиль жолдарын дамыту және

күтіп ұстау бөлімінің басшысының м.а.

 

М.Қ. Советқанов

 

Жолаушы көлігі бөлімінің басшысы

 

М.Т.  Кинаятов

 

Бас маман-бас бухгалтер

А. Сапанова

 

 

Бас маман,

жұмыс тобының хатшысы

 

А.А.  Баядилова

 

Талдамалық анықтамамен таныстым:

Шығыс Қазақстан облысының жолаушы

көлігі және автомобиль жолдары

басқармасының басшысы

 

А. Султанов

 

Дата публикации
21 июля 2026