Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Автомобиль көлігі

     Жолаушылар тасымалының ағымдағы жағдайы туралы

     2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Шығыс Қазақстан облысы бойынша жолаушылар тасымалы штаттық режимде жүзеге асырылады, барлығы 184 маршрут жұмыс істейді, оның ішінде:

- 151 облысішілік (147 автобус, 2 теміржол, 1 әуе, 1 су);

- 26 облысаралық (21 автобус, 2 теміржол, 3 әуе);

- 8 халықаралық (6 автобус, 2 авиа-уақытша тоқтатылды).

     Жолаушыларға облыстың қалалары мен аудан орталықтарына, Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Семей қалаларына және Ресей Федерациясына (Омбы, Томск, Змеиногорск, Барнаул, Новосибирск, Рубцовск) тұрақты негізде (күн сайын) жолаушылар тасымалы қызметтері қолжетімді.

     Облысішілік маршруттар облыс ішіндегі елді мекендерді өзара байланыстырады, жергілікті бюджеттен субсидиялауға жатады және жолаушыларға жол жүру тарифінің қолжетімді деңгейін қамтамасыз етеді.

     147 автобус (80 қалалық, 35 ауданішілік, 32 қалааралық), 2 теміржол («Өскемен-1 – Алтай», «Өскемен-1 – Риддер»), 1 әуе («Өскемен-Зайсан»), 1 су бағыты (Күршім және Самар аудандары арасындағы «Қызыл ту» паром өткелі)

     Анықтама:

     «Өскемен-1-Алтай» теміржол бағытына «Solux Express» ЖШС аптасына 3 рет, сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері қызмет көрсетеді. Маршрутта 386 орындық 5 вагон жүреді. 2023 жылғы 4 қаңтардан бастап жол жүру құны жалпы вагон 800 теңгені, плацкарт вагон 1 570 теңгені құрайды.

     «Өскемен-1-Риддер» теміржол бағытына «Solux Express» ЖШС аптасына 4 рет, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері қызмет көрсетеді. Маршрутта 310 орындық 4 вагон жүреді. 2023 жылғы 4 қаңтардан бастап жол жүру құны 515 теңгені құрайды.

     «Өскемен-Зайсан» авиамаршрутына «Оңтүстік аспан» АҚ аптасына 3 рет, сейсенбі, бейсенбі және жұма күндері қызмет көрсетеді. Әуе билеттің құны 12 000 теңгені құрайды.

     «Қызыл ту» паром өткелі арқылы тасымалдауды «Күршім» және «Ертіс» дизель-электр паромдары жүзеге асырады.

     Облысаралық маршруттар әртүрлі облыстардың елді мекендерін өзара байланыстырады, коммерциялық негізде орындалады. 

     21 автобус, 2 теміржол («Өскемен-1 – Астана», «Өскемен-1 – Алматы»), 3 әуе қатынастары («Өскемен-Астана», «Өскемен – Алматы», «Өскемен-Қарағанды») ұйымдастырылды.

     Теміржол және әуе маршруттарын ұйымдастыру үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Air Astana» АҚ, «Scat» АҚ, «Qazaq Air» АҚ жұмылдырылған.

     Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жағдай бойынша Халықаралық маршруттар тек Ресей Федерациясының қалаларына автобус көлігімен ғана қолжетімді. Екінші жартыжылдықтан бастап Ресей Федерациясына (Новосибирск) және Египетке (Шарм-эль-Шейх) әуе маршруттары қалпына келтіріледі деп күтілуде.

 

     Техникалық паркті жабдықтау туралы

     Шығыс Қазақстан облысының аумағында жұмыс істеп тұрған автобус парктері жеке меншікте болады. Автобус қатынасына негізгі сұраныс Өскемен қаласында және қала маңындағы аумақтарда туындайды.

     Өскемен қаласының маршруттық желісі конкурстық негізде тасымалдаушылар арасында бөлінген. Бүгінгі таңда тасымалдауға «РОСТ» ЖШС, «Vosca» ЖШС, «Марат-М» ЖШС, «Бақытжол» ЖШС, «Вебас» ЖШС, «СТ Автосервис» ЖШС, «Таксопарк» ЖШС, ЖК «Кривошеев», «Өскемен қаласының көлік компаниясы» ЖШС кәсіпорындары тартылған.

     Күн сайын желіде 260-қа жуық қоғамдық көлік бірлігі жұмыс істейді.

     Қозғалыс жүйелілігі орта есеппен 73% құрайды, бұл ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.03.2015 жылғы № 348 бұйрығымен бекітілген Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгілік шартының талаптарына сәйкес келеді.

     Қоғамдық көлік жұмысының тиімділігін арттыру үшін 2020 жылдан бастап төлемі диспетчерленген жол жүруді бақылау мен төлеудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді, жүйемен 56 қалалық бағыт қамтылды.

     2021 жылдан бастап Өскемен қаласының қоғамдық көлігін кезең-кезеңімен жаңарту процесі жүргізілуде.

     2023 жылдың бірінші жартыжылдығына барлығы 101 бірлік сатып алынды, оның ішінде:

- 2021 жылы-18 автобус;

- 2022 жылы-53 автобус, 4 трамвай вагоны;

- 2023 жылы-30 автобус.

     Жыл соңына дейін қосымша 47 автобус сатып алу жоспарлануда.

 

     Автовокзалдар, теміржол вокзалдары, әуежайлар туралы

     Шығыс Қазақстан облысы бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін көлік инфрақұрылымының 27 объектісі жұмыс істейді, оның ішінде:

     Өскемен қаласында:

  • «Адал» автовокзалы Абай көшесі 8, тел.: +7 7232 700-225, сайт: https://autovokzal.kz/;

2) «ВК Облтранском» автостанциясы Мызы көшесі н/ж, тел.: +7 7232 57-53-79;

3) «Өскемен-1» теміржол вокзалы Теміржолшылар көшесі 93/2, тел.: 105, сайт https://railways.kz/

4) «У-Ка вокзал» теміржол станциясы Мызы көшесі н/ж, тел.: 105, сайт https://railways.kz/;   

5) Өскемен қаласының әуежайы Бажова көшесі 566, тел.: +7 7232 77-84-84, сайт: https://ru.airport-uk.kz/.

     Аудандарда:

1) Алтай қ., Серебрянск қ., Шемонаиха қ., Риддер қ., Предгорное а., Черемшанка а., Коршуново а., Ермаковка а., Огневка а., Селезневка а. елді мекендеріндегі 12 теміржол станциясы (тел: 105, сайт https://railways.kz/);

2) Шемонаиха қ., Риддер қ., Алтай қ., Зайсан қ., Қасым Қайсенов к. 5 елді мекендеріндегі автостанциялар;

3) Белоусовка кенті, Күршім ауылы, Ақжар ауылы, Первомайский ауылы елді мекендеріндегі 4 жолаушыларға қызмет көрсету пункті;

4) Зайсан қаласының әуежайы.

     Жол жүру билеттерін қағаз нысанда ресми сату пункттерінде, онлайн-сервистер арқылы электрондық нысанда сатып алуға болады:

- автобус қатынастарына;

- теміржол қатынастарына https://bilet.railways.kz/;

- әуе қатынасына https://aviata.kz/

 

     «ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» көрсететін мемлекеттік қызметтер тізімі

 

Мемлекеттік  қызметтің атауы

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттәк қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асырытын ұйымдардың атаулары

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын НҚА сілтеме

Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру

 

     ЭҮП

http://10.61.42.188/kaz/docs/V2000020791

Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлікті беру

 

     МК, ЭҮП

http://10.61.42.188/kaz/docs/V1500011528

Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу

 

     ЭҮП

http://10.61.42.188/kaz/docs/V1900018803

Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау

     ЭҮП

http://10.61.42.188/kaz/docs/V1500012353

 

 ЭҮП – электрондық үкімет порталы (egov.kz сайты)

МК – Мемлекеттік корпорация (халыққа қызмет көрсету орталығы)

 

Документы
Бұйрық
02 октября 2026
Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы № 113
Жоспар
21 июля 2026
Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
Анықтама
21 июля 2026
Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы талдамалық анықтама
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
1
Жолаушылар құқықтары туралы әлеуметтік бейнеролик
События
28 февраля
2022 жылғы 2 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен"Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы" бекітілді
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Жолаушылар көлігі бөлімі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы