Мониторинг жұмыстары

Мониторинг жұмыстары

Ағымдағы жылдың 20-шы мамыры күні аудандық полиция бөлімінің мемлекеттік автокөлік инспекторы Жарылқасын Берік Бегібайұлы, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Салықова Шынар Салыққызы және Ақсуат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Мубараков Алмат Ерланұлы Ақсуат ауылының орталық көшелеріндегі жол қозғалысын ұйымдастыру (жол белгілері, жол сызықтары) жұмыстарына мониторинг жүргізді.