Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша 2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі ретінде түсіндіріледі. 2025 жылы жеке және заңды тұлғаларға - 1150 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде 194 - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, 849- «электронды үкімет порталы», 107 - альтернативті қызмет арқылы көрсетілді. 2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері бойынша арыз-шағымдар тіркелген жоқ.
2025 жылдың қорытындысы бойынша мерзімі бұзылған өтініштер тіркелген жоқ.

  Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі бойынша есепті кезеңді шағымдар болған жоқ. «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және күнделікті бақылауда болады.

Дата публикации
20 марта 2026