Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптарының тізбесі жобасы 2026 жылғы «23» ақпан мен «6» наурыз аралығында қоғамдық талқылау жүргізу үшін Тарбағатай ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылды.
Белгіленген мерзімде жеке және заңды тұлғалардан, үкіметтік емес ұйымдардан және өзге де мүдделі тараптардан ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ.
Ескертулер мен ұсыныстардың болмауына байланысты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары бастапқы редакцияда бекітіледі. Өзгерістер мен толықтырулар енгізуге негіздер жоқ.