2024 жылғыТарбағатай ауданы әкімінің халықпен кездесулерінің қорытындысы бойынша проблемалық мәселелерді шешу бойынша іс-қимыл жоспары

 

 

2024 жылғыТарбағатай ауданы әкімінің халықпен кездесулерінің қорытындысы бойынша

проблемалық мәселелерді шешу бойынша іс-қимыл жоспары

 

 

№

Мәселе

Шешілу кезеңі

Жауапты орындаушы

Қарасу ауылдық округі

1.                   

Қарасу ауылына кіреберісіндегі жолдың бойына арнайы жол белгілерін қою бойынша тиесілі жұмыстар атқару

24.05.2024

ЖШС «ОблШығыс жол» ӨЖУ №3 мекемесіне, Қарасу ауылдық округі әкіміне

2.                   

Қарасу ауылының Торайғыров, Б. Майлин және Ардагерлер көшесін жарықтандыруға жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу

06.12.2024

Қарасу ауылдық округі әкіміне

Жетіарал ауылдық округі

3.                   

Қамысты ауылына жазғы су алу үшін арық тарту мәселесін ұйымдастыру, ақпарат беру

24.05.2024

Жетіарал ауылдық округі әкіміне

4.                   

Жетіарал-Қамысты жолындағы кеткен жерлерді көтеріп жөндеп, талапқа сай жабдықтау, ақпарат беру

29.05.2024

Тарбағатай аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне, «Ақжар» МКК

5.                   

Жетіарал ауылының бас жағындағы үйлерге ауызсу жетіспеуі себепті насосты станцияның құрылғыларын тексеріп, аталмыш мәселені шешу үшін тиесілі жұмыстар атқару, ақпарат беру

14.06.2024

«Ақжар» МКК-на

Құйған ауылдық округі

6.                   

Мотоциклді тіркеу бойынша алгоритм жасап, Жалаңаш ауылының тұрғындарына түсінік жұмыстарын жүргізу, ақпарат беру

29.05.2024

Тарбағатай аудандық полиция бөліміне, Құйған ауылдық округі әкіміне

7.                   

Жастар орталығындағы кітапханаға интернет орнату үшін аудан әкіміне ұсыныс енгізу

15.06.2024

Құйған ауылдық округі әкіміне

8.                   

Жастар орталығынан шығармашылық үйірмелерін ашу үшін алгоритм жасай отыра аудан әкіміне ұсыныс енгізу

15.06.2024

Құйған ауылдық округі әкіміне

9.                   

Ауылдық округ орталығынан немесе қолайлы елді мекеннен ауыл қарттарына арналған ұзақ өмір сүру орталықтарын ашу бойынша аудан әкіміне ұсыныс енгізу

15.06.2024

Тарбағатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, барлық ауылдық округ әкімдеріне

10.               

Құйған ауылдық округі маңындағы егістік және шабындық жерлерде ақ мия атаулы жабайы шөптің көп шығып кетуіне орай сол жерлердің шаруа қожалық иелерімен бірлесе отыра арнайы дәрілермен жою жұмыстарын жүргізу, ақпарат беру

15.06.2024

Тарбағатай аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөліміне, Құйған ауылдық округі әкіміне

Қабанбай ауылдық округі

11.               

Шорға ауылындағы мектеп жанында орналасқан трансформатордың кернеуін ұлғайту бойынша жұмыстар атқару, ақпарат беру

17.06.2024

«Біріккен энегосервистік компаниясы» АҚ Тарбағатай АЭЖ директорына

12.               

Шорға ауылындағы орта мектептің от жағу пешін айырбастау, ақпарат беру

01.09.2024

Тарбағатай аудандық білім бөліміне

Жаңаауыл ауылдық округі

13.               

Кітапханадағы интернет трафикті ұлғайту мүмкіншілігі болған жағдайда, оны ұлғайту бойынша тиісті іс-шаралар жүргізу

01.04.2024

Тарбағатай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне

14.               

Ахметбұлақ ауылының су мұнарасын қазіргі жағдайын қарау, қажет болған жағдайда жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша аудан әкіміне ұсыныс енгізу

29.02.2024

Тарбағатай аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне

15.               

Елді-мекенге қарасты жерлерде мал өсіру тәртібін қарастыру

18.03.2024

Тарбағатай аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөліміне

16.               

Жаңаталап ауылындағы мектеп ғимаратына жапсарласа спорт зал (ангарлық) және асхана ғимараттарды салу жолдарын қарастыру, аудан әкіміне ұсыныс енгізу

01.04.2024

ШҚО білім басқармасының Тарбағатай аудандық білім бөліміне

17.               

Жаңаауыл ауылдық округіндегі суармалы жерлердің конфигурациясын қарау, түзетулер енгізу

01.05.2024

Тарбағатай аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөліміне, Жаңаауыл ауылдық округі әкіміне

18.               

2024 жылдың жергілікті бюджеті есебінен Жаңаауыл ауылына шағын футбол алаңын салу үшін ұсыныс енгізу

01.05.2024

Тарбағатай аудандық экономика және қаржы бөліміне, Жаңаауыл ауылдық округі әкіміне

Маңырақ ауылдық округі

19.               

Бозша ауылындағы медициналық пункттың интернетін қалпына келтіру бойынша тиесілі жұмыстар атқару

01.07.2024

Тарбағатай ауданының аудандық ауруханасына

20.               

Бозша ауылындағы клуб үйінің құжаттарын тауып, иесіз деп тану бойынша тиесілі жұмыстар атқару

16.06.2024

Маңырақ ауылдық округінің әкіміне

Тұғыл ауылдық округі

21.               

Тұғыл ауылдық округі бойынша депутат Э. Темірбаевамен бірлесе отыра «Қазпочта» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалына Тұғыл ауылындағы банкоматқа жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе жаңа банкомат орнату бойынша тиесілі шаралар атқару үшін хат жолдау, ақпарат беру

03.05.2024

Тұғыл ауылдық округі әкіміне

22.               

Тұғыл ауылындағы негізі көшелер Абай, М. Маметова, Рыбацкая және Қарасуат көшелерін асфальттау бойынша аудан әкіміне ұсыныс енгізу

13.05.2024

Тұғыл ауылдық округі әкіміне

23.               

Тұғыл ауылындағы Т. Рысқұлов мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасының негізінде 2025 жылға қосу жолдарын ұйымдастыру, ақпарат беру

31.12.2024

Тарбағатай аудандық білім бөліміне, Тарбағатай аудандық экономика және қаржы бөліміне

24.               

Тұғыл ауылының амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасының негізінде 2024 жылға қосу жолдарын ұйымдастыру, ақпарат беру

28.06.2024

Тарбағатай ауданының аудандық ауруханасына

25.               

Ауылдық округ бойынша барлық сауда дүкендерін аралап 19 түрлі әлеуметтік тауарларға мониторинг жасау, ақпарат беру

30.04.2024

Тұғыл ауылдық округі әкіміне

Ақжар ауылдық округі

26.               

Жаңалық ауылын екіге бөліп тұрған Ақжар-Шілікті тас жолына жаяу жүргіншілер өткелін, жасанды жол кедергілерін және арнайы жол белгілерін, жылдамдықты шектеу белгілерін, орнату, ақпарат беру

16.06.2024

«ОблШығысЖол» мекемесінің Тарбағатай ауданы бойынша №3 Өндірістік жол бөлімшесіне

27.               

Жайылымдық босалқы жерлерді қарастырып конкурсқа шығару жұмыстарын жүргізу және тұрғындарға хабарландыру беру, ақпарат беру

16.06.2024

Тарбағатай аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөліміне, Ақжар ауылдық округі әкіміне

 

Дата публикации
23 декабря 2024