Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округі Тұғыл ауылының шекарасын (шегін) белгілеу туралы

 

Жоба

 

 

Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округі Тұғыл ауылының шекарасын (шегін) белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 31 баптарына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылдық округі Тұғыл ауылының шекарасы (шегі) жалпы алаңы 614,8191 гектар болып белгіленсін.
  2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы                                                                                        ТАӘ

 

Лауазымы                                                                                        ТАӘ

 

 

Дата публикации
14 ноября 2025