«Тарбағатай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы» Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 11 қарашадағы 20/9-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы

      Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Тарбағатай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс

істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы»Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 11 қарашадағы   № 20/9-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9104-16 болып тіркелген) мынандай өзгеріс енгізілсін

         көрсетілген шешімге қосымшаның 5 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      «5 Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 10,9359 (он бүтін он мыңнан тоғыз мың үш жүз елу тоғыз ) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.»

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

            Лауазымы

Аты-жөні

Дата публикации
09 октября 2025