Сайланған әкімді тіркеу туралы хабарлама
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес Тарбағатай аудандық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 22 маусымда өткен Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде 2025 жылғы 23 маусымда Тарбағатай ауданы, Жетіарал ауылдық округінің әкімі ретінде
1966 жылы туған, «Жетіарал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі лауазымын атқарған, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылының тұрғыны Қажиекберов Серік Жанібекұлын тіркеді.
Тарбағатай аудандық сайлау комиссиясы