Жетіарал ауылдық округі әкімін сайлауының қорытындысы
мен сайланған әкім туралы хабарлама
Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 767 дауыс беруге қатысқаны – 695 (90,61%).
Сайлау қорытындысында Ногайбаева Гульжан Жаныбековна- 41 (6%), Камзин Ербол Баймухашович - 58 (8,49%), Кажиекберов Серик Жаныбекович – 577 (84,48%) дауысқа ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 7.
Дауыс беру нәтижесі бойынша «AMANAT» партиясы ұсынған, 1966 жылы туған, «Жетіарал ауылдық округінің аппараты» ММ әкімі Кажиекберов Серик Жаныбекович – Жетіарал ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Тарбағатай аудандық сайлау комиссиясы