Бөлшек сауданың жай-күйі туралы
2025 жылдың қаңтар-сәуірде жедел деректер бойынша бөлшек сауда тауар айналымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағамен 1,1% өсті және 1810 мың. теңгенi құрады.
Бөлшек тауар айналымының облыстық көлемінде аудан 7-орын алады.
Бөлшек сауданың негізгі бөлігін базарларда сауда жасайтын және жеке сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олардың сауда айналымы ауданның бөлшек сауда айналымының 61,2% құрады және 2024 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 1,3% ұлғайді.
Саудамен айналысатын кәсіпорындар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 51% артты және ауданның бөлшек сауда тауар айналымының 39,1 құрады.
Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 60% азық-түлік емес тауарлары, 40% азық-түлік тауарлары құрайды.
Әдіснамалық түсініктемелер
Бөлшек сауда – жеке, отбасылық, тұрмыстық немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзге де пайдалануға арналған тауарларды сатып алушыға сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.
shygys.stat.gov.kz / Ресми статистика
|
Орындаушы: А.Е. Умарова Тел. +7 7770635747 |
Тарбағатай ауданының статистика басқармасының басшысы: А.Е. Умарова Тел. +7 7770635747 |
Мекенжай: 071501, Ақжар ауылы Рысқұлов көшесі, 69 |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті