2025 жылғы 22 маусымға тағайындалған Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Маңырақ, Жетіарал және Қарасу ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының Күнтізбелік жоспары

 

Тарбағатай  аудандық

                                                                                                                             сайлау комиссиясының          

                                                                                                                             2025 жылғы 14 мамыр

№ 2  қаулысына қосымша

                                    

2025 жылғы 22 маусымға тағайындалған Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай  ауданының  Маңырақ, Жетіарал және Қарасу ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу және өткізу

 жөніндегі негізгі іс-шараларының

Күнтізбелік жоспары

 

1.     Тарбағатай ауданы Маңырақ, Жетіарал және Қарасу ауылдық округтерінің әкімдерін (бұдан әрі - әкімдерді) сайлауын тағайындау

 

Тарбағатай  аудандық  сайлау комиссиясы

14 мамыр 2025 жыл

(113-1-б. 2-т.)

2.     Сайлау округтерінің тізімдерін,оның шекараларымен аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жерлерін көрсете отырып,тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Тарбағатай  аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 24 мамырдан кешіктірмей

 (22 б.)

3.Аудандық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тарбағатай  аудандық  сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он  күннен кешіктірмей  2025 жылғы 24 мамырдан кешіктірмей

                                                                                (13-б.4-т.)

4.Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тарбағатай  аудандық  сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2025 жылғы 29 мамырдан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті әкім

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзімде

 2025 жылғы 29 мамырдан кешіктірмей

                                                                                (23-б. 5-т.)

 

 

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және

өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар.

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе,

сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады

және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда

жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2025 жылғы 15 мамырдан басталып жергілікті уақыт бойынша  2025 жылғы 27 мамыр күні сағат 18.00-де аяқталады

(113-3-б. 1-т., 5-т.)

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі –Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

 

Тарбағатай аудандық  сайлау комиссиясы

Кандидат тиісті құжаттарын ұсынғаннан кейін

(113-5-б.,11-т.)

 

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

 

 

Тарбағатай  аудандық  сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап.

(14-б., 8-1 тт., 31-б.)

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру.

 

 

Тарбағатай аудандық  сайлау комиссиясы.

Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексерілгеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4 б.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу.

 

Тарбағатай аудандық  сайлау комиссиясы

паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

 Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.8-т.,9-т.)

 

11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу.

 

 

Әкімдікке кандидаттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін).

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

12.Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2025 жылғы 1 мамырға)

 

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

13. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

 

 

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде.

(113-5-б. 3-т.)

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Тарбағатай  аудандық  сайлау комиссиясы.

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен  сағат 18.00-де аяқталады

2025 жылғы 15 мамырдан басталады  2025 жылғы

1 маусымда жергілікті уақытпен 18.00-де аяқталады

(113-5- б. 14-т.)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

 

Тарбағатай аудандық  сайлау комиссиясы.

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей.

                                                                        (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау және оларды жарақтандыру.

 

 

Жергілікті атқарушы органдар және

Тарбағатай  аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

                                                                             (28-б. 6-т.)

         17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2025 жылғы 1 маусымда жергілікті уақытпен 18.00-де басталады және 2025 жылғы 21 маусымда жергілікті уақытпен 00.00 де аяқталады

(27-б. 2-т.)

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

 

Жергілікті атқарушы органдар және

Тарбағатай аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

19.Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну

 

 

Тиісті әкім

Дауыс беру басталардан  жиырма күн бұрын

2025 жылғы 2 маусымға дейін

                                                                               (24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну.

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

2025 жылғы 7 маусымнан  бастап          

(26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 12 маусымға дейін

(18-б. 5т.), 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.

 

 

Тарбағатай  аудандық  сайлау комиссиясы.

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлауға кемінде бір күн бұрын

2025 жылғы 19 маусымнан ерте емес, және 2025 жылғы 20 маусымнан кешіктірмей 

(37-б. 3-т.)

23. Дауыс беру үшін сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау.

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын

2025 жылғы 22 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу.

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

2025 жылғы 22 маусымда, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

25. Сайлау учаскесінде әкім сайлау бойынша дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау.

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

2025 жылғы 22 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады.

(18-б. 8-т, 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін жалпы жұрттың танысуы үшін сайлау учаскесінің үй-жайында арнайы белгіленген орынға ілу.

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Тарбағатай  аудандық  сайлау комиссиясына ұсыну.

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(113-8-б. 1-т.)

28.Әкімдер сайлауының қорытындыларын анықтау.

 

 

Тарбағатай аудандық  сайлау комиссиясы.

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылғы 25 маусымнан кешіктірмей

(113-10- б.)

29.Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

 

Аудандық сайлау комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2025 жылғы 28 маусымнан кешіктірмей

(44 б. )

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәлікттер беру.

 

 

Тарбағатай аудандық  сайлау комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, әкім мәртебесімен сыйыспайтын өз міндеттерін доғару туралы жазбаша өтініш алынғаннан кейін.

2025 жылғы 28 маусымнан кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т., 113-11-б.1-т)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
14 мая 2025