ШҚО, Тарбағатай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақжар» мемлекеттік комуналдық кәсіпорны сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерінің ішкі талдау жүргізу бойынша атқарылған жұмыстар туралы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес «Ақжар» мемлекеттік комуналдық кәсіпорны сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізді.
1) Мемлекеттік сатып алуда қолданыстағы заңнаманы қатаң сақталуын қамтамасыз ету. Кәсіпорынның барлық сатып алынаттын қызметтер, сайман, кеңсе товарлары, жөңдеу жұмыстары мемлекеттік сатып алу бойынша жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алу бойынша бір тәуекел анықталды. Жосықсыз қатысушы ретінде тізілімге уақытылы енгізілмеді, артынан 11.07.2024 жылы №207055 мемлекеттік сатып алу порталында жосықсыз қатысулар тізіміне енгізуге тапсырыс енгізілді.
2) Қызметкерлердің салық органына табыстары мен мүлкі туралы декларацияны уақытылы тапсырумен қамтамасыз ету. 2024 жылдан бастап кәсіпорын қызметкерлері және олардың жұбайлары салық органдарына екі кезеңді декларация тапсырды. Қызметкерлердің және олардың жұбайларының декларация тапсыруын кадр ісі жөніндегі маман қадағалап, тапсырылды деген анықтамаларын алып отырды.
3) Жаңа қызметкерді жұмысқа қабылдаған кезде онымен еңбек шарты жасалады, онда құқықтар мен міндеттер ғана емес, сонымен бірге еңбекті материалдық ынталандыру да көрсетіледі. Жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлер мүдделер қақтығысының алдын алу, анықтау және шешу мақсатында сауалнама толтырады. Жұмысқа қабылданған және жұмыстан шыққан қызметкерлердің еңбек шартын енбек ресурстары порталы арқылы тіркеу, бұзу жұмыстары жасалып отырады. Барлық қызметкерлер өз лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Жалпы 65 қызметкер бар. Ақжар мекемесінде 25 қызметкер бар,Тұғыл ауылында 10 қызметкер жұмыс жасайды,басқа ауылдарда 30 қызметкер жұмыс атқарады.
4) «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі- азаматтардың өтініштерін қабылдау және тіркеуге арналған жүйе. Бұл жүйе арқылы да тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Күнделікті өтініштердің бар жоғын тексеру, келген өтініштерге нақты,әрі уақытылы жауап беру жұмыстары жүргізіліп отыр
5) Мекеменің негізгі міндеті халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету.Қосымша қызметтер ретінде ақылы түрде жаман суларға арналған ұғымаларды қазу,меншік үйлерге су кіргізу үшін жер қазып беру сияқты қызметтерді көрсетеді. «Ақжар»МКК мекемесінің негізгі ғимараты Ақжар ауылы Дәулетбай №53 мекен-жайда орналасқан.Халық санының көп шоғырлануына байланысты 2-інші ғимарат Тұғыл ауылында орналасқан.Осы мекемеге қарасты 21 ауыл бар, олардың 4 еуі павильон, 15 ауыл субсидия қарастырылған, 2 ауылда су беру құдықтары орналасқан.
Жұмыс тобының басшысы Оскенбаев.Б
Жұмыс тобының мүшелері Амирханов.Қ
Ануарбек.Ә
Қадыржанов.М