ЖОБА
Шектеу іс-шараларын алу
және «Тарбағатай ауданы
Көкжыра ауылдық округінің
7 квартал көшесіне
шектеу іс-шараларын белгілеу
туралы » Көкжыра ауылдық
округі әкімінің 2020 жылғы
19 тамыздағы №17
шешімнің күші жойылды
деп тану туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2020 жылғы 23 қазандағы №664 ұсынысы негізінде Көкжыра ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
- Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округінің 7 квартал көшесіне белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
- Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округінің 7 квартал көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы Көкжыра ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 19 тамыздағы №17 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7463 тіркелген және 2020 жылғы 24 тамыз Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкжыра ауылдық округі әкімінің м.а Н.Ортбаева