«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына
орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Өскемен қ., М.Горький к., 40, 508 кабинет, тел.: 8 (7232) 71-31-36, 71-31-39,
e-mail: n.sakenova@akimvko.gov.kz, ең көп рұқсат етілген файл өлшемі 7 МБ, Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары, E-1 санаты – 1 бірлік, код №00-3, лауазымдық еңбекақысы жұмыс өтіліне байланысты 476435 теңгеден 547574 теңгеге дейін, (функционалдық блогы - А).
Функционалдық міндеттері:
Ішкі саясаттың басым бағыттары. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауларына байланысты аудан тұрғындары арасында идеологиялық, үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру. Қоғамдық пікірді зерттеу, зерделеу. Ақпараттық талдау орталықтарының жұмысын үйлестіру. Әлеуметтік инфрақұрылымдардың үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен, қозғалыстармен, діни ұйымдармен жұмысын үйлестіру. Аудан көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық білім беру бөлімі, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ШҚО бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Тарбағатай аудандық бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, мұрағат, мұражай, психологиялық-медициналық, педагогикалық консультация мекемесі және денсаулық сақтау салаларының жұмыстарын үйлестіру. Зейнетақы қорлары мен сақтандыру компанияларымен жұмыс. Әлеуметтік салалар бойынша стратегиялық даму бағдарламалары мен орта мерзімдік жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету. Халықты әлеуметтік қорғау бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру, зейнетақы мен жәрдемақының, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің мерзімінде берілуіне басшылық жасау. Мекемелер мен кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі талаптарының орындалуын, еңбек қатынастарының реттілігін, еңбек қорғау шараларының орындалуын қамтамасыз ету. Қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру. «Жастар саясаты» бағдарламасының орындалуын ұйымдастыру. Әскери патриоттық тәрбие беру мәселесі. Әскерге тіркелу мен әскери қызметке шақыру жөніндегі іс шараларды ұйымдастыру. Ономастикалық, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, қылмыспен күрес және оның алдын- алу жөніндегі, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау, отбасы және гендерлік саясат «Құрметті азамат» атағын беру жөніндегі комиссиялардың жұмысына басшылық. Телекоммуникация және пошта-байланыс торабы қызметінің мәселелері. Көші-қон мәселесі. Жетекшілік ететін салалар бойынша: Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының, аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуының; мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуының; аудан рейтингісінің және ауылдық округ әкімдерінің рейтингісі көрсеткіштерінің; облыстық, сондай-ақ аудандық деңгейлерде жүргізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің сапасы мен толықтығын бақылауды қамтамасыз етеді. Аудандық әкімдік қабылдаған қаулылардың, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға және жетекшілік ететін бағыттарға сәйкес салаларда мемлекет саясатына сәйкестігі үшін, сондай-ақ аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының және ұйымдастыруөкімгершілік сипаттағы өзге де құжаттардың орындалуына дербес жауапты болады. Оның құзырына кіретін мәселелер бойынша аудандық әкімдіктің қызметін үйлестіреді. Сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарты (ИСО-9001) талаптарын орындау. Жеке және заңды тұлғалармен жеке қабылдаулар жүргізеді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге бақылау жасау. Өзіне бекітілген ауылдық округтері әкімдерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі: қызметтер (әлеуметтік жұмыс және/немесе мәдени-тынығу жұмысы); бизнес, басқару және құқық (менеджмент және/немесе халықаралық құқық және/немесе еңбекті ұйымдастыру және нормалау және/немесе құқықтану және/немесе маркетинг және/немесе әлемдік экономика және/немесе бағалау және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); педагогикалық ғылымдар (қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе тарих және/немесе орыс тілі мен әдебиеті және/немесе педагогика және психология және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе орыс тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде оқытпайтын және/немесе әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану және/немесе шетел тілі: екі шетел тілі және/немесе тарих-Дінтану және/немесе дене шынықтыру); өнер және гуманитарлық ғылымдар (философия және/немесе филология және/немесе тарих (гуманитарлық ғылымдар) және/немесе дінтану және/немесе аударма ісі және/немесе археология және этнология және/немесе шығыстану және/немесе шетелдік филологиясы және/немесе теология және/немесе түркітану және/немесе музыкатану ғылымы және/немесе аспаптық орындау және/немесе дәстүрлі музыкалық өнері және/немесе хореография және/немесе өнертану және/немесе мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау және/немесе исламтану); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (журналистика және/немесе саясаттану және/немесе психология және/немесе кітапхана ісі және/немесе мәдениеттану және/немесе әлеуметтану және/немесе аймақтану және/немесе қоғамдық байланыс және/немесе мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету және/немесе халықаралық қатынастар және/немесе журналистика және ақпарат).
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
Е-1 санатының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспауы керек.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не n.sakenova@akimvko.gov.kz электронды мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттар тапсырады:
1) қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам құжаттарды "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 3-тармағына сәйкес бекітілген мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленген мемлекеттік органның жұмыс уақытында қабылдайды.
Комиссияның хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттарға персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу және эссе, сондай-ақ қажет болған жағдайда кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Ішкі конкурсқа қатысушы және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ-де Өскемен қ., М.Горький к., 40, 508-кабинетте өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотқа дейінгі тәртіппен бес жұмыс күннен кешіктірмей шағым жасауға құқылы.
Конкурс комиссиясының шешіміне шағымды келесі мекен-жайға жолдауға болады: ШҚО, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының негізінде өткізіледі.
Анықтама телефондары: 8 (7232) 71-31-36, 71-31-39, e-mail: n.sakenova@akimvko.gov.kz
|
|
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені __________________________________________________________
____________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Мекенжайы: ______________________
Байланыс телефондары: ________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20 __ ж. «___»_______________