Тарбағатай ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер телімдерін жалға беру жөнінде конкурс өткізеді

Ақпараттық   хабар

Тарбағатай ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер телімдерін жалға беру жөнінде конкурс  өткізеді.

         Конкурсқа қатысуға жер телімдерін мәжбүрлеп алынған тізімінде тұрған тұлғаларды, сонымен бірге, бір жылдың ішінде ауыл шаруашылығы маңызындағы жер телімін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) келісім-шартына қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпаздарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларды жіберіледі.

         Конкурсқа қатысуға өтінім және конкустық ұсыныстар Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1-бабының талаптарына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрі –Қазақстан Республикасы Премьер –Мнинистрі орынбасарының 2018 жылғы №518 бұйрығымен бекітілген « Шаруа немесе фермер қожалығын ,ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі  конкурсты  ұйымдастыру мен өткізу» қағидаларына сай келуі тиіс.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2020 жылдың  23 қарашадан бастап он бес жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады. Мекен-жайы : ШҚО Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылы , Абылай хан көшесі, 13 орналасқан «ШҚО Тарбағатай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 110 кабинеті мекенжайы бойынша жүзеге асырылады , телефон 8 (72346) 2-20-66.

Ескертпе

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс

 

Конкурстық ұсыныста :

           1) Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарлардың мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен техналогиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

          2) Конкрустық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын,ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкрус» және «жылғы_____ «___» дейін ашуға болмайды» (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөзбен жазылады.

Конкурстық өтініштерімен конверттерді ашу және қорытындыларын шығару 2020 жылдың 15 желтоқсан күні сағат 10.00-де Ақсуат ауылы ,Төлегетай баба көшесі,1 мекен-жайы бойынша (аудан әкімінің ғимаратында) өтеді.

 

Конкурс мынадай жағдайда өтпеді деп танылады.

       1) конкурсқа қойылған әрбір жер теліміне екі өтінімнен кем түссе;

       2) конкурсқа қойылған әрбір жер телімі бойынша конкурсқа қатысуға екі қатысушыдан кем жіберілсе.

 

 

 

Жер учаскесін пайдалану жөніндегі шарттар мен талаптар ҚР Жер кодексінің 43.1 бабының негізінде жүргізіледі.

 

1) жер учаскесі белгіленген мақсатқа сәйкес пайдаланылсын;

2) жерді қорғау,оларды орынды және тиімді пайдалану жөнінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасында қарастырылған іс-шаралар жүзеге асырылсын;

3) ауыспалы егіс жүйесін міндетті жүргізу және сақтау қамтамасыз етілсін;

4) жер учаскесін пайдалануға арналған төлем уақытында төленсін;

5) санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес ,өндіріс технологиялары қолданылсын;

6) 20.06.2003 жылғы №442-ІІ Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 65-бабында қарастырылған жер пайдаланушының басқа міндеттері орындалсын.

Дата публикации
26 октября 2020