Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 тамыздағы №583 «Тарбағатай ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулының
күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 тамыздағы №583 «Тарбағатай ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7493 болып тіркелген) қаулының күші жойылсын.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.