Тарбағатай ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы Тарбағатай ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жұмыс тобы қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдерінен және конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар арасынан қалыптастырады. Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің мерзімі үш жылды құрайды. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
Тарбағатай ауданының Қоғамдық кеңесінің сандық құрамы жұмыс тобымен 11 адам болып анықталды. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Тарбағатай ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына үміткерлерге келесі талаптар қойылады:
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
2.Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.
1) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
2) осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса;
3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынса, сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Жұмыс тобы ұсыныстарды жазбаша түрде 2025 жылғы 10 ақпаннан 2025 жылғы 24 ақпанға дейінгі мерзімде, күн сайын, сенбі және жексенбі күндерінен басқа, сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағ. 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзілісі бар уақытта ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы, Жамбыл көшесі 15, мекенжайында орналасқан «Тарбағатай аудандық мәслихатының аппараты» ММ және tarbagatay-maslihat@akimvko.gov.kz электронды поштасы арқылы қабылдайды.