Сайланған әкімді тіркеу туралы хабарлама
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес Тарбағатай аудандық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 2 ақпанда өткен Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде 2025 жылғы 4 ақпанда Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылдық округінің әкімі ретінде
1966 жылы туған, «Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі лауазымын атқарған, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылының тұрғыны Ниязбеков Дәуітбек Қорғауұлын тіркеді.
Тарбағатай аудандық сайлау комиссиясы