ЖОБА
Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 қазандағы № 656 "Тарбағатай ауданына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 қазандағы № 656 "Тарбағатай ауданына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
- Тарбағатай ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған
көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, төбелерін
реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды
ұйымдастыру және өткізу қағидалары бекітілсін»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Тарбағатай ауданына бірыңғай сәулеттік
келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, төбелерін
ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және
өткізу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Тарбағатай ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп
пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, төбелерін реконструкциялау,
ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және
жүргізу қағидалары.»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
- Осы Тарбағатай ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, төбелерін
реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды
ұйымдастыру және жүргізу қағидалары. (бұдан әрі — Қағидалар) «Тұрғын үй
қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы
2-тармағының 11) тармақшасына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге
сәйкес әзірленген және Тарбағатай ауданынабірыңғай сәулеттік келбет беруге
бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, төбелерін
реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды
ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.».
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
2-тарау. Көп пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, төбелерін
реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды
ұйымдастыру тәртібі»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
3-тарау. Көп пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, төбелерін
реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды
жүргізу тәртібі»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
- Бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын
үйлердің сыртқы қабырғаларын, төбелерін реконструкциялау, ағымдағы немесе
күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды сатып алуды мемлекеттік сатып алу
туралы заңнамаға сәйкес Бөлім жүзеге асырады.».
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
- Бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын
үйлердің сыртқы қабырғаларын, төбелерін реконструкциялау, ағымдағы немесе
күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды қабылдауды техникалық қадағалауды
жүзеге асыратын тұлғаларды тарта отырып, Бөлім жүзеге асырады.».
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
- Тарбағатай ауданы әкімдігінің бірыңғай сәулеттік бейнесін беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, төбелерін
реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды
қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Тарбағатай ауданы әкімінің
жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тарбағатай ауданының әкімі Д.Жоргекбаев