Тарбағатай ауданы бойынша мал шаруашылығы дамуының негізгі көрсеткіштері туралы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2020 жылы           8 айда 25,7 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 101,5% орындалды.

Ауданның мал шаруашылығы тұрақты дамып, мал басының сақталуы қамтамасыз етілді. Ірі қара 191,3 мың бас болып, өткен жылдың  осы мерзімімен  салыстырғанда 109,1%, қой мен ешкі – 357,4 мың басты құрап, өсу қарқыны 101,8%, жылқы –  41,5 мың бас  болып – 110,9 %, құс 29,2 мың бас – 100,0 % болып орындалды.

Аудан бойынша ИАС бағдарламасына 2020 жылы 774 шаруа қожалығы тіркеліп, 44 631 бас аналық ірі қара малдарына 2168 бас  асыл тұқымды қазақтың ақбас бұқасы қосылып тұқымдық түрлендіру жұмыстары жүргізілді.

Ауданымызда асыл тұқымды мал басын өсіретін 38 шаруашылықтың  9-ы 2350 бас  жылқы, 11-і 57318 бас  қой, 18-і 15156 бас ірі қара мал басын  өсіру бағытында жұмыс жасауда. 

2020 жылы «Аспан-Ш» АӨК 1000 бастық, «Сарман – 8» АӨК 1000 бастық, мал бордақылау алаңдарын іске қосады деп жоспарласа, 2021 жылы «Асыл – Агро – 7» АӨК 1000 бастық, «Өсім – Агро» ЖШС 5000 басқа арналған мал бордақылау алаңын іске қосады деп жоспарлауда.

2020 жылдың 8 айында мал шаруашылығы бойынша алынған барлық субсидия көлемі 850.0 млн теңгені құрап, өткен кезеңмен салыстырғанда 117,7 пайызға өсті.

Ірі қара және қой малдарын қолдан ұрықтандыру.

«Аягөз Асыл-тұқым» СПК арқылы келісім шарт негізінде  сәуір-мамыр айларында барлығы 9 шаруа қожалыққа, 5 жеке тұлғаға барлығы 1048 бас аналық ірі қара малдарын қолдан ұрықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Қой малдары бойынша 2019 жылы Көкжыра ауылдық округіне қарасты «Көкжыра» ӨК 14 466 бас асыл тұқымды қойларын қолдан ұрықтандырды.

Ауылдық округтерде құдық  қаздыру  жұмыстары  бойынша 58 шаруа қожалығы өз қаражаттары есебінен 60 құдық қаздырды.  Соңғы 5 жылда жиыны 278 құдық қазылды.

Аудан бойынша барлығы 121 жоба мақұлданып, 1936,0 млн.тг несие игерілді. Оған 1 175,9 мың.теңгеге 2526 бас ірі қара малдары, 632,5 млн.теңгеге 11 377 бас қой малдары, 127,5 мың.теңгеге 321 бас жылқы малдары сатылып алынды.

Дата публикации
19 октября 2020