Аудан әкімдігінің 2018 жылғы
16 қаңтардағы № 19 қаулысына
№ 2 қосымша
«Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі
әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1-тарау. Жалпы ережелер
- «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімнің аппараты) ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- . «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
- «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
- «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
- «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі туралы ережені, оның құрылымын аудан әкімдігі бекітеді.
- «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 071501, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы, Жамбыл көшесі №15.
- «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесін аудан әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.
- «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
2-тарау. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының және әкімнің негізгі өкілеттіктері, функциялары,құқықтары мен міндеттері
- «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін әкім басқарады.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл,кент,ауылдық округ әкімінің ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі ұсынған және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісілген жиырма бес жасқа толған кандидатуралар арасынан баламалы негізде төрт жыл мерзімге қызметке сайлайды.
Аудандық мағызы бар қала,ауыл,кент ауылдық округ әкімін (облыстық маңызы бар қала) әкімі жергілікті қоғамдастық пен облыс әкімінің келісімімен қызметтен босатады.
- «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Әкімнің өкілеттіктері:
- Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала,кент,ауыл,ауылдық округ әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық (қалалық) әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;
2) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын ұорғау жқнінде шаралар қолданады;
3) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;
4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
4-1) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті мағызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі қсыныстарды шығарады;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
6) өз құзреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
7) аудандық маңызы бар қаданың, кенттің, ауылдың,ауылдық округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде,ауылдарда,ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын,қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;
8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;
9) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
10) қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
10 – 1) әділет органдары жоқ жергілікті жерлердегі кент, ауыл,ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамаасында белгіденген тәртіппен нотариаттық әрекеттер жасауды,азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
10-2) жұмыспен қамту органдары жоқ жерлердегі кенттің,ауылдың, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады;
11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
12) табысы аз адамдарды анықтайды,жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еібекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетудә үйлестіреді;
12-1) қылмыстық –атқару жүйесі мекемелерінен босатылған,пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға әлеуметтік – құқықтық және өзге де көмек көрсетеді;
12-2) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
12-3) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
12-4) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді қйымдастырады;
12-5) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп,мәдени-бұқаралық және ағарту іс – шараларын ұйымдастырады;
12-6) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;
12-7) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
12-8) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
12-9) «Алтын алқа» алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;
12-10) жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қаңамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;
13) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;
14) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;
14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайдаауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15) жергілікті өзін-өзі басқару органдырмен өзара әс-қимыл жасайды;
16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін өамтамасыз етеді;
19) өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;
20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру,көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
22) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізіледі;
23) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
24) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, оның ішінде:
қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін тауарларға, орындайтын жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тапсырыстарды орналастыру;
қылмыстық – атқару жүйесі мекемелерінің аумағында сотталғандардың еңбегін пайдаланатын өндірістер ашу, оларды кеңейту және жаңғырту үшін кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы жәрдемдеседі;
- Кент,ауыл,ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жқнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
- Облыстық маңызы бар қалада аудандар болмаған жағдайда, осы баптың І-тармағында көзделген функцияларды облыстық маңызы бар қаланың әкімдігі жүзеге асырады.
- Аудандық маңызы бар қала,ауыл, кент,ауылдық округ әкімдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
- басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;
- берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
- берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
- берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
- жергілікті атқарушы органнның шешімімен бекітілетін,басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік икәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;
- басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;
- берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;
- кіріс көздерін қалыптастырыады;
- бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;
- бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
- жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;
- мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
- аудандық мағызы бар қаланың,кенттің, ауылдың,ауылдық округтің тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;
- аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қаланың, кенттің,ауылдың,ауылдық округтің авариялық жағдайдағы үйлерін бұзуды ұйымдастырады;
- Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;
- Қаладағы аудан,аудандық мағызы бар қала,кент,ауыл ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
- Қаладағы аудан,аудандық маңызы бар қала,кент,ауыл, ауылдық округ әкімі өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы үшін жоғары тұрған әкімнің, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қала,астана мәслихатының алдында жауап береді.
17.Әкімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімнің орынбасары болуы мүмкін.
- Әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан,ұйымдық – құқықтық және материалдық – техникалық жағынан қамтамасыз етуді әкім аппараты жүзеге аырады.
- Әкім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімнің орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.
- «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтауын әкім қамтамасыз етеді.
3-тарау. Әкімдіктің,әкімнің актілері
- Әкім нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік- басқарушылық,жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады.
- Әкімдіктің және (немесе) әкімнің өз құзыреті шегінде қабылдаған актілерінің тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің бүкіл аумағында міндетті күші болады.
- әкімдіктің және (немесе) әкімнің азаматтардың құқықтарына,бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілері (Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары және заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар актілерден басқа) міндетті ресми жариялауға жатады.
- Әкімдіктің және (немесе) әкімнің жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарының мемлекеттік тіркеуіне жатады.
- Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді әкімдіктің, әкімнің қабылдауы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі жоғары тұрған әкімдік және (немесе) әкім,әкімдіктің және (немесе) әкімнің өзі,сондай-ақ соттың шешімі әкімдік және (немесе) әкім актілері қолданылуын жою не толық немесе ішінара тоқтата тұруы мүмкін.
4-тарау. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының мүлкі.
- Заңнамада көзделген жағдайларда «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
- «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі бекітіліп берілген мүлік аудандық маңызы бар қаланың,ауылдың, кенттің, ауылдық округтің (жергілікті өзін-өзі басқарудың) коммуналдық меншігіне жатады.
- Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуі мүмкін.
5-тарау. Аудандық маңызы бар қала,ауыл,кент,ауылдық округ әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату
- «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.