Тарбағатай ауданы әкімдігінің
2018 жылдың «___»_________
№____ қаулысымен бекітілген
«Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы
әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЖАРҒЫСЫ
1.Жалпы ережелер.
Қазақ тілінде:«Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Центр занятости населения акимата Тарбагатайского района Восточно-Казахстанской области».
Орталықтың қысқаша атауы: «ШҚО Тарбағатай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сы.
1) Орталықтың өзінің барлық міндеттемелері бойынша өз иелігіндегі қаржылық қаражаттармен жауап береді. Орталықтың қаржылық қаражаттары жеткіліксіз болған кезде, құрылтайшы оның міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауаптылықта болады.
2) Орталықтың азаматтық-құқықтық мәмілелері олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылығының аумақтық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
1) халықты жұмыспен қамтудың жай-күйін бағалауды және дамуын болжауды, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асырады;
2) заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыруды жүзеге асырады;
3) өтініш білдірген адамдарды жұмыс іздеуші және жұмыссыздар ретінде тіркейді;
4) «Әлеуметтік – еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11342 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама береді;
5) жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлем тағайындау үшін тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;
6) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттарды қабылдауды, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде мүдделі органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, оларды учаскелік комиссияның қарауына жолдайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11426 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларымен бекітілген нысан бойынша аудандық (қалалық) және (немесе) өңірлік комиссия әлеуметтік келісім шарт жасайды, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген өтініш берушілердің құжаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті органға береді, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жеке жоспарды іске асыруға көмек көрсетеді, әлеуметтік келісімшарт міндеттемелерінің орындалуына мониторинг жүргізеді;
7) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді;
8) жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі, жұмысқа орналасу үшін жолдама береді;
9) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
10) жұмыссызды жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізеді;
11) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016ж 29 желтоқсандағы №919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрі-бағдарлама) қатысушылармен еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөнінде осы бұйрықпен бекітілген әлеуметтік келісімшартқа қол қояды, оның орындалуына және шарттары орындалмаған кезде Заңға сәйкес санкциялардың қолданылуына мониторингті жүзеге асырады;
12) еңбек делдалдығын көрсетеді;
13) азаматтарды Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша хабардар етеді және оларға консультациялық қызметтер көрсетеді, құжаттарды дайындауға көмектеседі, үміткерлердің мұқтаждығын зерделеу мақсатында оларға консультация береді, үміткерлердің әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын бағалауды, олардың құжаттарын қабылдауды жүргізеді;
14) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына әлеуетті қатысушыларды іріктеуді және бөлуді жүзеге асырады;
15) жергілікті еңбек нарығындағы жұмыс күшіне қажеттілікті айқындайды және мониторинг жүргізеді;
16) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға жолдама береді;
17) жұмыс берушілерде бос жұмыс орындарының /бос лауазымдардың/ болуы туралы, сондай-ақ мүгедектерді, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарының орындалуы туралы есепке алуды жүргізеді.
18) Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
19) «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесі арқылы Бағдарламаға қатысушылардың жұмысқа орналасуына және міндетті зейнетақы жарналарының болуына мониторингті жүзеге асырады;
20) Еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету үшін жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін тартады;
Орталықтың өзінің осы жарғымен бекітілген қызмет нысаны мен мақсатына қайшы келетін қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ мәмілелерді жасауына жол берілмейді.
4.Орталықты басқару
1) Орталық жұмысын үйлестіреді.
2) Орталыққа әдістемелік және ұйымдастырушылық басшылықты жүзеге асырады.
3) Орталықтың жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді.
4) Орталыққа тиесілі мүліктің нысаналы пайдаланылуы мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
5) Орталық директорының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздемесін айқындайды.
6) Орталықтың құрылымы мен шекті штат санын бекітеді.
7) Жылдық қаржылық есептемесін бекітеді.
8) Орталыққа берілген мүлікті алуға немесе қайта таратып бөлуге мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға келісім береді.
9) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5.Орталықтың мүлкін қалыптастырудың тәртібі
1) Оған құрылтайшы берген мүлік.
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншік туралы заңнамасында тиым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.