«Тарбағатай ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «02» тамыздағы
№339 қаулысымен бекітілді
«Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1.1. «Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудандағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамытуды іске асыра отырып, белгіленген тәртіп бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттық қызмет көрсетуді және оны реттеу саласында және агроөнеркәсіп кешенді дамытуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк атқарушы органы болып табылады.
1.2 «Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіп кешені және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» (ҚР 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңы), Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» (ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңы, 3 тарауы, 15-17 бап), «Тұқым шаруашылығы туралы» (ҚР 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385 Заңы), «Өсімдіктерді қорғау туралы» (ҚР 2002 жылғы 3 шілдедегі № 331 Заңы), «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» (ҚР 2004 жылғы 10 наурыздағы № 533 Заңы), «Астық туралы» (ҚР 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 143 Заңы); «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» (ҚР 1998 жылғы 9 шілдедегі № 278 Заңы) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің ауылшаруашылық агроөнеркәсібі кешенін дамыту мен өркендетуге бағытталған заңнамалары мен нормативтік актілеріне, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
1.3. «Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы «Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
1.4. «Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
1.5. «Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
1.6. «Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқада актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
1.7. «Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитін Тарбағатай ауданының әкімдігі бекітеді.
1.8. «Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: индексі 071500, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесі, 13 үй.
1.9. Осы Ереже «Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
1.10. «Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
1.11. «Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы субьектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.
1.12 «Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы «Тарбағатай ауданының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
1.13. "Тарбағатай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2.1 «Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабаның 1- тармағының 20 тармақшасын, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148–ІІ Қазақстан Республикасының Заңының 3-тарауы 31 бабымен Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 3- тарауы 15–17 баптарын басшылыққа ала отырып, шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлейді. Атқарушы органдар басшыларының Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мәселелері бойынша есептерін қарайды.
Аудан экономикасының өсуіне шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындардың ролін көтеру, маңызымен беделін өсіру, инвестициялық ақуалды дамыту, өңдеуші өнеркәсіпті ұлғайту арқылы нақты көлем индексін арттыру. Шағын кәсіпкерлікті дамытуға және көтермелеуге бағытталған мемлекеттік саясатты және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемелекеттік реттеу туралы» Заңының 7- бабының 4- тармағына сәйкес ауданның агроөнеркәсіп кешенін жүзеге асыру.
2.2 Функциялары мен міндеттері:
2) Ауданның сыртқы экономикалық байланысына, шағын кәсіпкерліктің жағдайларына талдау жасау және мониторингі жүргізу;
3) Жедел ақпаратты жинақтауды жүргізу және жергілікті атқарушы органға, әкімдікке тапсыру;
4) Аудан әкімдігінің қаулысы, және аудан әкімінің өкімін, шешімдерінің жобасын дайындау.
5) Шағын бизнес кәсіпорындарының жұмыстарын жақсартудағы және жетілдіруге ұсыныстар әзірлеп, аудан әкіміне ұсыну;
6) Барлық меншік түрі негізінде ауылдағы әртүрлі ұйымдық-құқықтық шаруашылық жүргізуші тұлғалардың дамуы мен қалыптасуына ықпал жасау;
7) Аймақтық бағдарламасын зерттеу және мониторингті жүргізу, дайындау, іске асыру;
8) Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асырады;
9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асырады;
10) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден және асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалардан бекітілген нысандар бойынша есептер қабылдайды;
11) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша бағалау туралы деректерді қабылдап, қорытады және оның нәтижелері туралы мүдделі адамдарды хабардар етеді;
12) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық өнімді (материалды) жыл сайынғы өткізу көлемдеріне өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады;
13) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн осы Заңға және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
14) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
15) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
16) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
17)жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді;
18) шаруашылық жүргізуші субъектілерін міндетті сақтандыруды ұйымдастырады;
19) Сараптау кеңесінің қызметін ұйымдастыру;
20) Өнім өндірушілердің нарық саласында өнімдерін өткізуге және қажетті жағдайды жасауды ұйымдастыру;
21) Жаппай экономикалық оқуды жүргізуге ықпал жасау;
22) Ғылыми- техникалық жетістіктердің негізгі бағыттарын, оны іске асырудың жолдары мен әдістерін анықтау және іске асыруға ықпал жасау, ғылым мен техникалық жетістіктерін насихаттау;
23) Өнімді өндіруде және қайта өңдеуде алдыңғы қатарлы технология мен бағыттарды енгізуді іске асыру;
24) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша сақтанушыдан, сақтандырушыдан және агенттен сұратады және алады;
25) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегi тиiстi аумақта егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлейдi;
26) өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға ағымдағы жылы сақтандырылуға тиіс өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің тізбесін ұсынады;
27) өсімдікті міндетті сақтандыру комиссияларын құрады;
28) ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтарын лизингке алуды ұйымдастыру;
29) Ауыл шаруашылығы «Даму» бағдарламасын дайындау және аудандық мәслихат сессиясында бекітуге ұсыну;
30) Ауданның агроөнеркәсіп саласында ауыл шаруашылығындағы техникалық, экономикалық, технологиялық, мемлекеттік саясатты іске асыру;
31) арлық меншік және шаруашылық құрылымдарының дамуына, аграрлық секторда нарықтық қатынастың қалыптасуы мен дамуына және сауда, қайта өңдеуде агросервис енгізуге ықпал жасау;
32) Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеуді болжау, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың әлеуметтік-экономикалық индикативті жоспарын жасау;
33) Ауыл шаруашылық өнімін өндіруде және қайта өңдеу өнеркәсібінде жаңа техниканы және прогрессивтік технологияны енгізуге ықпал жасау.
34) агроөнеркәсіп кешенінде негізгі экономикалық реформаларын жетілдіруін, соның негізінде аграрлық сектордың даму болашағын айқындау, талдау жасау, бірыңғай қаржы-инвестиция саясатын және есеп жүргізу;
35) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін осы Заңға, осы саладағы мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларға және басқада нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
2.3. Құқықтары мен міндеттері
1) ауылдық округі әкімдерінен, ауданның мемлекеттік органдарынан және ұйымдардан қажетті ақпараттар мен кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласы бойынша есептілік құжаттарын сұратуға;
2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинау;
3) Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізуді жүзеге асыру;
4). Жеке кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламаларын әзірлеп, іске асырады;
5). Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларының орындалуын ұйымдастырады және үйлестіреді;
6). Кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы саласында аудан әкімдігінің қаулысы, және аудан әкімінің өкімін, шешімдерінің жобасын дайындау;
7). Шағын кәсіпкерлік тұлғалардың еркін қызметіне кепілдікті күшейту;
8). Шағын кәсіпкерлікке қатысты қаржы-несие саясатын жетілдіру;
9). Шағын кәсіпкерлікті көтермелеу бағытындағы жергілікті атқарушы органдардың іс әрекетін үйлестіру;
10). Жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;
11). Сарапшылық кеңестің қызметін ұйымдастырады;
12). Жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
13). Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзіреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
14). Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
15) Ауылшаруашылық өнімін өндірушілердің нарық саласында өнімдерін өткізуге және қажетті жағдайды жасауды ұйымдастыру;
16) Ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу және маркетингіні ұймдастырудың негізгі принциптерін дайындау, республика және облыстың экономикалық аймақтары бойынша нарық коньюктурасын, ауыл шаруашылық өнімдерін сыртқа шығару мүмкіндіктерін зерттеу;
17) Жаңадан құрылған агроқұрылымдарды мемлекеттік қолдауды іске асыру және ұйымдастыру;
18) Агроөнеркәсіп кешені саласында жедел ақпаратты жинақтауды жүргізу және жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) тапсыру;
19) Ғылыми-техникалық жетістіктердің негізгі бағыттарын, оны іске асырудың жолдары мен әдістерін анықтау және іске асыруға ықпал жасау, ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттау;
20) Мал шаруашылығында және тұқым шаруашылықтарына селекциялық сұрыптау жұмыстарын жүргізу, жергілікті климатқа шыдамды тұқым түрлерін іріктеп өндіріске кіргізу, өнімді өндіруде және қайта өңдеуде алдыңғы қатарлы технология мен бағыттарды енгізуді іске асыру;
21) Ауыл шаруашылығын техникамен қайта жабдықтау, агросервис ұйымдастыру, лизинг бойынша техника алуға ықпал жасау.
3.1. «Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
3.2. «Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
3.3. «Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттілігі:
1) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы және Еңбек Кодексі негізінде мемлекеттік қызметшілерді және жұмысшыларды жұмысқа қабылдайды және босатады;
2) мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге және жұмысшыларға заңнамамен орнатылған тәртіпте жазаларды қолданады;
3) «Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» бойынша бұйрықтарды шығарады және оларға қол қояды;
4) мекеме атынан сот істеріне қатысады немесе мекеме қызметкерлеріне өкілеттілік береді.
5) «Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың әрбір фактісі бойынша «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі №793 Жарлығы негізінде жауаптылықта болады;
6) «Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес алмастыратын тұлға орындайды.
7) Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнінде жергілікті атқарушы органдарының және басқа да ұйымдардың іс-әрекеттерін үйлестіріп, қолданыстағы заңнамаға белгіленген шекте шағын және орта кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясатты және мақсатты бағдарламаларды іске асырады;
8) Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасын жасап бекіттіреді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
9) Шекаралас елдермен ауданның сыртқы экономикалық іс-әрекетін реттеуді жүзеге асырады. Ауданның орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын жасауға қатысады;
10) Бағдарламалық құжаттарда айқындалған басым бағыттарға сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инвестициялық жобаларын жасап, іріктейді;
11) Аудандағы өңдеуші өнеркәсіптің есебін жүргізіп кәсіпорындармен жұмыс жасайды. Айлық тоқсандық, жылдық есептерін шығарып кәсіпорындардың әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына көмектеседі.
12) Облыс, аудан әкімдіктерінің қаулы, өкімдерінің орындалуын қадағалау, бөлімге қатысты қаулы, өкімдер жобаларын әзірлейді;
13) «Шағын және орта бизнес саласындағы жылдың таңдаулы кәсіпкерлері» конкурсының өтуіне ықпал жасап, ұйымдастырады;
14) Аудандық, облыстық жәрмеңкелердің өтуіне ықпал жасап, ұйымдастырады;
15) Жылдық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы форумының өтуіне ықпал жасап, ұйымдастырады.
4.1. «Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қарастырылады.
4.2. «Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
4.3. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5.1. «Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.