2020 жылдың 8 айындағы Тарбағатай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қорытындылары туралы анықтамасы

2020 жылдың 8 айындағы Тарбағатай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қорытындылары туралы анықтамасы

 

  1. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі - 10 орын.

2020 жылдың 8 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 615,1 млн. теңгені, өсу қарқыны 73,0 пайызды, нақты көлем индексі 97,8 құрады (2019 жылдың 8 айында – 2 213,5 млн. теңге). 

2020 жылдың 8 айында өндеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 1 266,7 млн. теңгені, өсу қарқыны 105,0 пайызды, нақты көлем индексі 98,0 пайызды құрады (2019 жылдың 8 айында – 1 207,0 млн. теңге). 

  1. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі - 16 орын.

2020 жылдың 8 айында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 25 927,3 млн. теңгені, өсу қарқыны 111,4 пайызды, нақты көлем индексі 103,2% құрады (2019 жылдың 8 айында – 23 277,3 млн. теңге).

  1. Негізгі капиталға салынған жеке инвестициялардың нақты көлемінің индексі - 9 орын.

2020 жылдың 8 айында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 3 985,5 млн. теңгені, өсу қарқыны 84,6 пайызды, нақты көлем индексі 82,5 пайызды құрады (2019 жылдың 8 айында – 4 711,4 млн. теңге). Нақты секторға тартылған инвестиция көлемі – 1 421,8 млн. теңген, өсу қарқыны 78,1 пайыз құрады.

  1. Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі - 9 орын.

2020 жылдың 8 айында құрылыс жұмыстарының көлемі 2 927,9 млн. теңгені, өсу қарқыны 139,5 пайызды, нақты көлем индексі 139,5 есені құрады (2019 жылдың 8 айында – 2 098,4 млн. теңге).

2020 жылдың 8 айында жеке салымшылар есебінен 10 508 шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға беріледі, өсу қарқыны 2,1 есе пайызды құрайды (2019 жылдың 8 айында – 5 112 ш.м.).   

  1. Бөлшек сауда тауар айналымының нақты көлем индексі - 2 орын.

2020 жылдың 8 айында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 5 911,8 млн. теңгені, өсу қарқыны 105,9 пайызды, нақты көлем индексі – 99,4 пайызды құрады (2019 жылдың 8 айында – 5583,2  млн. теңге).

  1. Шағын кәсіпкерліктің істегі субъектілері санының өсу қарқыны - 2 орын.

2020 жылдың 8 айында жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны – 3425 бірлікті, өсу қарқыны 102,9% құрады (2019 жылдың 8 айында – 3328 бірлік).

2020 жылдың 8 айында тіркелген шағын бизнес субъектілерінің саны  (ЖШС) - 128, өсу қарқыны 115,3%, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандар - 105, өсу қарқыны 120,7% құрады (2019 жылдың 8 айында – 87 бірлік).

  1. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қалалар мен аудандар бюджеттерінің шектелімінде меншікті табыстар көлемінің өсу қарқыны - 3 орын.

2020 жылдың 8 айында жергілікті бюджетке түскен меншікті табыстаркөлемі 851,5  млн. теңгені, өсу қарқыны 148,3 пайызды құрады (2019 жылдың 8 айында – 574,2 млн. теңге).       

  1. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік бюджетке (республикалық + жергілікті) салықтық және салықтық емес түсімдер көлемінің өсу қарқыны - 7 орын.

Мемлекеттік бюджетке (республикалық+жергілікті) салықтық және салықтық емес түсімдер көлемі 847,3 млн. теңге түсім түсіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 147,8 пайызды құрады. (2019 жылдың 8 айында түскен түсім – 573,0млн. теңге).

  1. Қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілген тұрғындар санының өсу қарқыны - 11 орын.

 2020 жылдың қаңтар-тамыз айында қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілген тұрғындар санының өсу қарқыны –85,0% құрады (2019 жылдың қаңтар-тамыз айында – 75,0%).

  1. 100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейінің өзгеруі - 6 орын.

2020 жылдың 8 айында туберкулезбен 6 адам сырқаттанған, былтырғы жылы 6 адам сырқаттанған. 

  1. Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 1-6 жастағы балалар санының өзгеруі - 17 орын.

2020 жылдың 8 айында мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 1-6 жастағы балалар санының өзгеруі 100,0% құрады (2019 жылдың 8 айында 100,0% құраған).

  1. Қылмыстылық деңгейінің өзгеруі - 17 орын.

 2020 жылдың қаңтар-тамыз айында 76 қылмыс тіркелді (2019 жылдың 8 айында 88 қылмыс тіркелген).

Қылмыстылық деңгейінің өзгеруі көрсеткіші – 87,7%.

  1. Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу деңгейінің өзгеруі - 15 орын.

2020 жылдың қаңтар-тамыз айында ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу деңгейінің өзгеруі – 79,8 пайызды құрады, 16 ауыр қылмыс тіркелген. (2019 жылдың 8 айында - 4 ауыр қылмыс тіркелген, ашылуы 85,7 пайыз). Ауданда 2020 жылдың 8 айында 2 аса ауыр қылмыс тіркелген, 2019 жылдың сәйкес кезеңінде аса ауыр қылмыс тіркелген жоқ.

Дата публикации
16 октября 2020