Тарбағатай ауданының Жетіарал ауылдық округіне қасты Қамысты ауылының тұрғыны С.Камитжановтың ауласына шектеу шараларын белгілеу туралы

Тарбағатай ауданының Жетіарал ауылдық округіне қасты Қамысты ауылының тұрғыны С.Камитжановтың ауласына шектеу шараларын белгілеу туралы

 

«Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңының 35-бабының 2-тармағы және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 заңының 10-1 бабы 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 249 ұсынысы негізінде Жетіарал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

        1.Тарбағатай ауданының Жетіарал ауылдық округіне қарасты Қамысты ауылының тұрғыны С.Камитжановтың 1(бір) бас ірі қара малынан құтырық ауруының анықталуына байланысты, Жетіарал ауылдық округіне қарасты Қамысты ауылында орналасқан С.Камитжановтың ауласына құтырық ауруын таралуын түбегейлі жою мақсатында шектеу іс-шаралары қойылсын.

  1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринария бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысына (Б.Кажкенов) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
25 декабря 2024