2025-2027 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округінің бюджеті туралы  

2025-2027 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округінің бюджеті туралы

 

          Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына, 75 бабының 2 тармағына , Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1)тармақшасына сәйкес , Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1.2025-2027 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

кірістер –167 772,0 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 46 450,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 200,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 121 122 мың теңге;

2) шығындар – 167 772 832,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0,0

мың теңге;

қарыздар түсімі – 0,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары – 0,0 мың теңге.»;

  1. 2025 жылға арналған Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округ бюджетіне аудандық бюджетінен берілетін субвенция көлемі 44 122,0 мың теңге сомасында белгіленгені ескерілсін.
  2. 2025 жылға арналған Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округ бюджетіне облыстық бюджеттен- 5000,0 мың теңге; аудандық бюджеттен -72000,0мың теңге көлемінде нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.
  3. Осы шешім 2024 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

                                                                                                                

Тарбағатай аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                        О.А.Канагатов

 

Дата публикации
25 декабря 2024