Тарбағатай ауданы Ақжар  ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі сайлау округін  құру туралы

           ҚАУЛЫ                                                                ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

2024 жылғы 25 желтоқсан № 32                                          Тарбағатай ауданы

 

 

 

Тарбағатай ауданы Ақжар  ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі

 сайлау округін  құру туралы

 

               «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Тарбағатай  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша  Ақжар  ауылдық округінің шекараларында сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округінің тізімі, олардың шекаралары және Тарбағатай аудандық  сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, аудандық «Тұғырлы Тарбағатай» газетінде және Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.

 

 

Төраға                                                                                         Ж.Ашмуханова

 

 

Хатшы                                                                                                З.Таханова

Дата публикации
25 декабря 2024