Тарбағатай ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы

Тарбағатай ауданының 2025-2027 жылдарға

арналған бюджеті туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 73, 75 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1 тармағының      1) тармақшасына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 5 652 341,0 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 1 714 088,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 1 099,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3 937 154,0 мың теңге;

2) шығындар – 5 652 341,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 155 004,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 200 532,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 45 528,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -155 004,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                 155 004,0 мың теңге;

қарыздар түсімі – 200 532,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 45 528,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары – 0,0 мың теңге.

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемі 341 923,0 мың теңге сомасында көзделсін, соның ішінде:

 

Ақжар ауылдық округіне                       44 515,0 мың теңге;

Тұғыл ауылдық округіне                        44 122,0 мың теңге;

Жаңаауыл ауылдық округіне          45 047,0 мың теңге;

Жетіарал ауылдық округіне                     46 698,0 мың теңге;

Қабанбай ауылдық округіне                    39 991,0 мың теңге;

Қарасу ауылдық округіне                        43 412,0 мың теңге;

Құйған ауылдық округіне                        41 055,0 мың теңге;

Маңырақ ауылдық округіне                    37 083,0 мың теңге.

  1. «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 19/142-VIII шешіміне сәйкес аудан бюджетіне әлеуметтік салық, төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша кірістерді бөлу нормативтері 2025 жылға 100 пайыз мөлшерінде орындауға алынсын.
  2. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 1 640 715,0 мың теңге сомасында белгіленгені ескерілсін.
  3. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2025 жылға арналған резерві 32 000,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
  4. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
24 декабря 2024