Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 12/3-VIII «2024-2026 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер  енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 12/3-VIII «2024-2026 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер  енгізу туралы

 

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 12/3-VIII «2024-2026 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №192183 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 270 927,3 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 39 400,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 160,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 231 367,3 мың теңге;

2) шығындар – 271 649,5 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -722,2 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 722,2

мың теңге;

қарыздар түсімі – 0,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары – 722,2 мың теңге.»;

 3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«3. 2024 жылға арналған Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округ бюджетіне облыстық бюджеттен -121 756,0 мың теңге; аудандық бюджеттен -64 622,3 мың теңге көлемінде  нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.»;

 

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

 

 

  1. Осы шешім 2024 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

                                                                                                                

Тарбағатай аудандық

мәслихатының төрағасы                                                      О.А.Канагатов

Дата публикации
18 ноября 2024