Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы 12/6-VIII «2024-2026 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының

2023 жылғы 29 желтоқсандағы 12/6-VIII «2024-2026 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 12/6-VIII «2024-2026 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №192188 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 108 836,4 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 12 087,9 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2536,8 мың теңге;

трансферттер түсімі – 94 211,7 мың теңге;

2) шығындар – 109082,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -246,2 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 246,2 мың теңге;

қарыздар түсімі – 0,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары – 246,2 мың теңге.»;

3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

 «Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылдық округінің 2024 жылға арналған бюджетінде нысаналы  ағымдағы облыстық трансферттер бюджетінен   

 19 587,0 мың теңге аудандық трансферттер бюджетінен     29 771,7 мың теңге көзделгені ескерілсін 

 көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Тарбағатай аудандық

мәслихатының төрағасы                                                               О.Қанағатов

 

Дата публикации
11 ноября 2024