«Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы
Талдамалық анықтама
Ақжар ауылы 02.08.2024 жыл.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы ҚР Заңының 8-бабының 5-тармағына, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.А.Сақтағанов бекіткен 2024 жылғы 29 наурыздағы кестеге сәйкес кезеңде, «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекттік мекемесінің (бұдан әрі – Аппарат) және ведомствоға бағынышты ұйымдарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – СЖТІТ) жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі- талдау) 2024 жылғы қаңтар - шілде аралығы кезеңі қамтылды.
СЖТІТ келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметтеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Ауданның жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
СЖТІТ жүргізу кезінде мыналар пайдаланылды.
- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы бекіткен 2021 жылғы 7 сәуірдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі- Әдістемелік ұсынымдар);
-ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлықтәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары.
СЖТІТ 2024 жылғы 01 маусым мен 31 маусым аралығында өткізілді.
Тарбағатай ауданы әкімінің 2024 жылғы 28.06.2024 маусымдағы № 25 ө.н./қ санды өкіміне сәйкес, жұмыс тобының мүшелері болып Аппараттың бөлім басшы, бас инспекторы мен бас мамандары айқындалды.
-Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты;
-Тарбағатай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі;
-Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі;
-Тарбағатай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі;
-Тарбағатай ауданының экономика және қаржы бөлімі;
-Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
-Тарбағатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрлыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі;
-Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты;
-Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылдық округі әкімінің аппараты;
-Тарбағатай ауданы Құйған ауылдық округі әкімінің аппараты;
-Тарбағатай ауданы Маңырақ ауылдық округі әкімінің аппараты;
-Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылдық округі әкімінің аппараты;
-Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылдық округі әкімінің аппараты;
-Тарбағатай ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты;
-Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округі әкімінің аппараты;
-«Тарбағатай аудандық жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
-«Тарбағатай ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
-Тарбағатай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақжар» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны;
-«Тарбағатай ауданының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
-Тарбағатай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ақжар мәдениет үйі» коммуналдық мемлекетік қазыналық кәсіпорыны талдау нысандары болып анықталды.
Аппарат бөлімдері өз қызметін Шығыс Қазақстан облысы Тарбарғатай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 шілдедегі № 595 қаулысымен бекітілген «Тарбағатай ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесіне, сондай-ақ «Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 3 регламентіне сәйкес жүзеге асырады.
СЖТІТ жүргізу барысында 5 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
№ 1 тәуекел. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша, келесі индикаторлар бойынша:
Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округі әкімінің аппаратында талдау жүргізу барысында анықталғандай, 2023 жылдың қыркүйегінде Шығыс Қазқстан облыстық мамандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен «Casper Group» ЖШС қатысты жосықсыз қатысушы ретінде тану туралы Тұғыл ауылдық округі әкімінің аппаратының талап арызы қанағаттандырылған және сот шешімі өз күшіне енген.
Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округі әкімінің аппараты тарапынан Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы ҚР Қаржы министірінің 28.12.2015 жылғы № 694 бұйрығының 18,19 тармақтарына сәйкес, мердігерді жосықсыз қатысушы деп тану туралы сот шешімі ол күшіне енген сәттен бастап үш күннен кешіктірілмей уәкілетті органға қатысушыны Тізімге қосуы көрсетілген.
Алайда Тұғыл ауылдық округі әкімінің аппараты тарапынан уақытылы тізімге қосу шараларын қабылдамаған.
Ұсыныс: Мемлкеттік сатып алу порталына жосықсыз қатысушылар тізіліміне еңгізуіне тапсырыс жолдау.
№ 2 тәуекел. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша, келесі индикаторлар:
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақжар» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (Бұдан әрі- «Ақжар» ШЖҚ МКК) 2022 жылғы ақпанда Шығыс Қазқстан облыстық мамандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен «Даукеева» жеке кәсіпкерге қатысты жосықсыз қатысушы ретінде тану туралы «Ақжар» ШЖҚ МКК-нің талап арызы қанағаттандырылған және сот шешімі өз күшіне енген.
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақжар» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны тарапынан Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы ҚР Қаржы министірінің 28.12.2015 жылғы № 694 бұйрығының 18,19 тармақтарына сәйкес, мердігерді жосықсыз қатысушы деп тану туралы сот шешімі ол күшіне енген сәттен бастап үш күннен кешіктірілмей уәкілетті органға қатысушыны Тізімге қосуы көрсетілген.
Алайда «Ақжар» ШЖҚ МКК-сі тарапынан уақытылы тізімге қосу шараларын қабылдамаған.
Ұсыныс: Мемлкеттік сатып алу порталына жосықсыз қатысушылар тізіліміне еңгізуіне тапсырыс жолдау.
№ 3 тәуекел. Жергілікті атқарушы органдары қызметтеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша, келесі индикаторлар:
Тарбағатай ауданының экономика және қаржы бөлімінің ішкі талдау жүргізуінде, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабында, қызметкердің демалыс күнін алатын күнін көрсететін уақыт шеңбері көрсетілмеген. Қызметкер демалыс күнін келесі күні немесе бір жылдан кейін ала алады. Сонымен қатар, егер еңбек немесе ұжымдық шарттардың немесе жұмыс берушінің актісінің талаптарында өзгеше көзделмесе, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін ақы төлеу бір жарым мөлшерден төмен емес мөлшерде жүргізіледі. Осыған байланысты, еңбек саласындағы бақылаушы мемлекеттік орган жұмыс берушіге демалыс және мереке күндері жұмыс үшін ақы төлеуді міндеттемеуі мүмкін болған кезде сыбайлас жемқорлық қаупі туындауы мүмкін, өйткені қызметкердің нақты демалыс күнін көрсетпеген өтініші бар. Бұл жағдайда қызметкер бір жарым немесе бір мөлшерде, сондай-ақ демалыс күні төлем ала алмайды, өйткені қызметкер өтініште нақты демалыс күнін көрсетпеген және қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы дау шешілмеген күйінде қалады.
Ұсыныс: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекция басқармасына Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85 бабына өзгеріс енгізу туралы хатын жолдау.
№ 4 тәуекел. Ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша, келесі индикатор бойынша:
- Міндеттерді орындағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін дербес жауапкершілік қағидаларын бұзу
Тарбағатай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметшісі, басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып заңсыз іс-әрекетке баруы.
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтерді орындау және үйлестіру кезінде, яғни түпкілікті шешім қабылдау кезінде сол бөлім басшысы ақпараттық жүйеге электрондық цифрлық қолтаңба қоса берілген кілтпен кіріп, шешімді өзі көріп, қол қоюы қажет. Кейбір жағдайларда орындаушы мамандар бірінші басшының электрондық цифрлық қолтаңбасын енгізіп, шешім қабылдайды немесе келіседі.
Ұсыныс: Құқықтық оқыту жүйесінде Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңын қосымша оқып үйрену сабағын өткізу.
№ 5 тәуекел. Ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша, келесі индикатор бойынша:
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 866, Жарлығы негізінде Шығыс Қазақстан облысынан Абай облысы бөлінді.
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімшілік орталығы Ақсуат (Ақсуат ауданы) ауылынан Ақжар (Тарбағатай ауданы) ауылына көшірілгіндіктен, 2022 жылдың тамыз айында Тарбағатай ауданының бөлімдер және штат қызметкерлер арасында біршама өзгерістер мен қысқартулар болды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл функциялары Тарбағатай аудан әкімнінің заң қызметі жөніндегі бас инспекторының құзыретіне жатады. Аппарат құрылымының заң қызметіне 1- бас инспектор және 2-техникалық қызметкер кіреді. Бас инспектордың міндеттеріне терроризмге қарсы комиссияның қызметін ұйымдастыру (бұдар әрі ТҚК) және ТҚК хатшысы, ТҚК жұмыс тобы қызметінің хатшысы, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссиясының ұйымдастыруы және хатшысы, шекара жөніндегі үйлестіру комиссия қызметінің ұйымдастыруы және хатшысы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия қызметінің ұйымдастырлуы, өндірістік қажеттілікке байланысты сот процестеріне қатысу, азаматтардың өтініштерін қарау, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, тексеру, мемлекеттік тіркеуге жіберу және т.б. кіретін мемлекеттік заң саласына қатысты қызметтер.
Сонымен қатар, типтік негізгі бағыт – 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» (ТБН-4) жұмысы жүктелген. Бұл ретте ТБН-4 жұмысы «Жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 358 қаулысына (бұдан әрі – ТБН-4) сәйкес жүзеге асырылады. Қағидалар деп аталады), соған сәйкес облыста ТБН-4 жобаларының тобы жүзеге асырылуда. Бұл топтың жобаларын да жүзеге асыруға Тарбағатай ауданы бойынша заң қызметінің бас инспекторынының қызметіне кіреді.
Оның себебін 2022 жылдың тамызынан бастап штаттың қысқаруына байланысты бөлім, резервтік маманның болмауына байланыстыруға болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы қаулысы, Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы заң қызметін ұйымдастыру туралы үлгілі ереженің бірыңғай талаптрын белгілейді. Заң қызметінің негізгі міндеттерінің бірі – құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, келісім-шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу.
Үлгілік ереженің 7-тармағына сәйкес мемлекеттік органда бөлінген бюджет қаражаты шегінде заң қызметтерінің тиімді және сапалы қызметі үшін тиісті жағдайлар жасалады, 2024 жылғы жағдай бойынша мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 84 бірлікті құрайды, оның ішінде заң қызметінің қызметкерлерінің саны кемінде 5 %-ды құрауы қажет, яғни 3 штаттық бірлікпен заң бөлімі қарастырылу керек.
Үлгілік ереженің 2-тармағына сәйкес мемлекеттік органның өзін қайта ұйымдастыру немесе тарату жағдайларын қоспағанда, заң қызметін таратуға жол берілмейді.
Жұмыс көлемінің айтарлықтай артуына, сондай-ақ мемлекеттік-құқықтық жұмысына Үлгі ереженің талаптарына сәйкес келмейтін әдеттен тыс функциялардың жүктелуіне, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне ерекше мәртебе берілуіне байланысты, осының барлығы жұмысының нәтижелеріне теріс әсер етуі мүмкін (соның ішінде терроризмге қарсы комиссияның (ТҚК), қылмыстың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссиялардың қызметі және ТБН-4 бағыты бойынша тапсырмалардың мақсаттарына нашар қол жеткізу болады.
Арнай маманның болуы қызмет пен тапсырманың уақытылы және сапалы орындалуы, құқықбұзушылықтын алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерінің болдырмауына айтарлықтай ықпалын тигізеді.
Ұсыныс: «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары негізінде құрылымды қайта қарап (әкімі аппаратының заң қызметі саласына, персоналды басқару қызметіне) өзгеріс енгізу бойынша Тарбағатай ауданы әкімінің атына ұсыныс енгізілсін.