Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: