Тарбағатай ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды және олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пайдалану тәртібін, пикеттеуді өткізуге тиым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының
1-тармағының 15) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды пайдалану тәртібі;
осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
1) Тарбағатай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 65-4 «Тарбағатай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7916 болып тіркелген);
2) Тарбағатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 7/6-VIIІ «Тарбағатай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 65-4 «Тарбағатай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8897-16 болып тіркелген) шешімі.