ҚР АШМ АӨК МИК Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы   Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi 

ҚР АШМ АӨК МИК Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы

 

Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi 

      Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндi аймақтан карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнен немесе өз бетiмен енуiнен қорғау;

      2) карантиндi объектiлердi анықтау, оқшаулау және жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасының олар жоқ аймақтарына олардың енуiнiң алдын алу;

      3) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу.

 

Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi функциялары

1) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады

2) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасының ішкі сауда объектілерінде және ұйымдарында карантинге жатқызылған өнiмдi тұрақты жете тексерудi, қажет болғанда үлгiлерiн алу арқылы оған карантиндік фитосанитариялық сараптаманы және (немесе) зертханалық сараптаманы жүргізеді және карантиндік құжаттарды қарайды;

Дата публикации
13 мая 2024