Ауылшаруашылық саласында 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы хабарлама.

 Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 257 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 20 тамызда № 21115 болып тіркелген «Техникалық инспекция саласында жалпы ережелер бойынша қызмет түрлерін көрсетеді.  

               Атап айтқанда; тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен

механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу, мемлекеттiк кепілге қоюды тіркеу, жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізу, жүргізу құқығына куәліктер беру.

              Тарбағатай   ауданы   бойынша жиыны - 834 ауылшаруашылық тракторлары,   өздігінен   жүретін  шассилер мен механизмдер,   жол-  құрылыс   машиналары,  трактор  тіркемелері  тіркеуде бар.                                                                         Оның ішінде  522-  трактор, 243  - трактор   тіркемесі, 7- астық комбайны, 59  -жол- құрылыс техникалары, 3- қаршана. 

              Жыл  басынан     жеке   және   заңды   тұлғалардан   86 - дана  тракторлар,   өздігінен   жүретін   ауыл   шаруашылық,   жол-   құрылыс   машиналары,   трактор  тіркемелері тіркелді, оның ішінде 21-і жаңа техникалар. 51- техника есептен шығарылды, оның ішінде 17-і жойылды.

            Мемлекеттік тіркеуге алғаны үшін төленетін алымға 86- техника / 74218,0 теңге / , 85- техникалық   паспорт / 146625,0 теңге/,  72- мемлекеттік   нөмірлік белгі   / 248400,0 теңге/  берілді.                                                                                      Жыл басынан 170- жеке және заңды тұлғалардың әртүрлі маркадағы ауылшаруашылық техникалары  жыл сайынғы мемлекеттік   техникалық  байқаудан   өткізілді. 51- тракторист-машинист кадрлары   аттестациядан   өткізіліп,   тракторист- машинист     куәлігі / 87975,0 теңге/  берілді.    3- заңды және жеке тұлғалардың   техникалары   кепілдікке   қоюы  / 37950,0 теңге/ тіркеліп, 2023 жылдың 12 айында мемлекеттік бюджетке көрсетілген қызмет түрлерінен 595168,0 теңге қаражат құйылды.  

2023 жылдың 12- айында техникалық инспекция саласында 310 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
20 марта 2024