«Тарбағатай ауданының экономика және қаржы бөлімі бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан 2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» № 170/НҚ бұйрығының тізіліміне сәйкес дербес бөлім тарапынан 1 (бір) мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету - otbasybank.kz/programm-bank Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы электронды және қағаз түрінде жүргізіледі. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 40 маманға 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (345 мың теңге), жиыны – 13 800 мың теңге көтерме жәрдемақы және 16 маманға 1 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (5 175 мың теңге), жиыны – 82 800 мың теңге бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шарасы көрсетілді. Сонымен қатар, 2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері бойынша арыз-шағымдар және тиісті жыл қорытындысы бойынша мерзімі бұзылған өтініштер тіркелген жоқ.

        Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі бойынша есепті кезеңді шағымдар болған жоқ «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыс тұрақты  негізде жүргізіледі және күнделікті бақылауда болады.

Дата публикации
19 марта 2024