Тарбағатай ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі ретінде түсіндіріледі. 

2023 жылы  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 5  қызмет  көрсетілді. 2023 жылдың  қорытындысы бойынша мерзімі бұзылған өтініштер тіркелген жоқ.  

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі бойынша есепті кезенді шағымдар болған жоқ. «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және күнделікті бақылауда болады.

 

 

Тарбағатай ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы                                   С.Омарғазин

 

 

Дата публикации
19 марта 2024