Тарбағатай ауданы әкімі аппараты бойынша 2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі ретінде түсіндіріледі. 

2023 жылы жеке және заңды тұлғаларға «электронды үкімет порталы» 321 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2023 жылдың қорытындысы бойынша 1 мерзімі бұзылған өтініш тіркелген. 

           Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі бойынша есепті кезенді шағымдар болған жоқ. «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және күнделікті бақылауда болады.

Дата публикации
19 марта 2024